2023 жылды қорытындылай келе, кітапхана қызметкерлері оқырман формулярын мұқият талдап, ең белсенді оқырмандарды анықтады. Мерекелік шарада үздік балалар оқырманы, кітап оқитын отбасылар мен балалар оқуының жетекшісінің есімдері аталды.
Үздік оқырмандар 6 номинация бойынша марапатталды:
«Оқу залының көшбасшысы» - Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің 1 «Ә» сынып оқушысы Базарбай Ұлбибі.
«Фантастика мен шытырман оқиғаның әуесқойы» - Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің 5 «А» сынып оқушысы София Булдакова.
«Фантастика мен шытырман оқиғаға әуесқойы» - Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің 5 «А» сынып оқушысы Алшекенова Дамира.
«Ең көп оқитын отбасы» – Намысовтар отбасы. Мағжан Жұмабаев атындағы 7 «Ә» сынып оқушысы Намысова Шұғыла мен 1 «Ә» сынып оқушысы Нұралы Мәншүк.
«Оқу отбасылық дуэті» - Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің 9 «А» сынып оқушысы Бейсембай Аружан мен Бейсембай Зере 5 «Ә» сынып.
«Балалар оқуының ең белсенді жетекшісі» – «Кемеңгер» білім беру орталығының жетекшісі Рысжанов Бақтияр Нәсіпбекұлы.
«2023 жылдың үздік оқырманы» - Қордабай Еркенұр, Мағжан Жұмабаев атындағы мектептің 4 «А» сынып оқушысы.
Іс-шараға қатысушыларға Қордабай Еркенұрдың «2023 жылдың үздік оқырманы» атты оқыған кітаптарының жеке көрмесі ұсынылды.
Барлық жеңімпаздар Дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.
Аудандық балалар кітапханасының үздік оқырмандарын марапаттау рәсімі Нұра аудандық балалар өнер мектебінің оқушылары: Әлібек Ақиқат, Айтжан Дамира, Ксения Андриенко, Жанайым Еркәрімова, Досымжан Тыныштықбаевтың өз өнерлерімен ерекшелендірді.
Балалар кітапханасы ұзақ уақыт бойы кітапхананың адал оқырмандары және адал достары болып қалатындардың барлығына алғысын білдіреді!
Балалар кітапханасының есігі ашық, біз сіздермен кездескенімізге әрқашан қуаныштымыз!
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев