Іс-шараның мақсаты: патриотизмге тәрбиелеу, әскер мен Отан қорғаушыларға құрметпен қарауды қалыптастыру, командада жұмыс істеу қабілеттерін, коммуникативтік дағдыларды дамыту. Байқауға қатысушылар - Мағжан Жұмабаев атындағы мектептің 6 сынып оқушылары, олар команда көшбасшылары Болатжан Бекжан мен Сәлімов Нұрасылдың басшылығымен сайысқа белсенді қатысты. Іс-шара барысында жас қорғаушылар өздерінің батылдығын, ептілігін, эрудициясын көрсетті. «Қыран» және «Айбын» командалары «Мерген», «Құпия сызба», «Мина алаңы», «Ауадан шабуыл», «Ұшқыштар», «Кім күшті» атты байқауларына қатысып, сынақтардан өтті, «Ас үй бойынша жұмыс» байқауы қызу өтті. Турнирдің барлық қатысушылары жүлделермен марапатталды.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев