Бұл әжейдің есімі - Шарлотта Шопен. Желтоқсанда 100 жасқа толады. Ол қырық жылдан астам уақыт йогамен айналысады. Кез келген жастағы үйренушілерге аптасына 3 рет сабақ береді және йоганың денеге де, ойға да беретін жақсы әсері жайлы түсіндіреді.
Бүгін, 9 мамыр – Қазақстанда және ТМД-ға мүше өзге елдерде Жеңіс күні. Адамзаттың басына төнген алапат соғыстың аяқталғанына тура 79 жыл толып отыр.
1945 жылдың 9 мамыры күллі елдің жадында ерлік пен мұқалмас жігердің үлгісі болып қалды. Бұл – қанмен, көз жасымен келген жеңіс. Сондықтан да еш уақытта ұмытылмайды. Жер бетінде ешқашан соғыс болмасын! Жеңіс туы көкте желбіреп тұрсын!
Жеңіс күні қарсаңында ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының орталық ансамбль солисі Сәуле Жұмабайдың орындауындағы «Катюша» әнін қабыл алыңыздар
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні.
Ел аумағында бейбітшілік пен тыныштықты сақтап, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскери күштердің – Отан қорғаушылардың кәсіби мерекесі.
Мереке қарсаңында республиканың түкпір-түкпірінде түрлі әскери-патриоттық шара өтеді.
Барша Отан қорғаушыларды бүгінгі мерекемен құттықтаймыз!