Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
ҚМДБ NewTimes.kz агенттігіне видеодағы дін қызметкерінің «әл-Әділ» мешітінің имамы екенін растады. Алайда аталған қымбат көліктің дін қызметкерінікі еместігін мәлімдеді.
Толығырақ: https://adyrna.kz/post/195728
Алматыда лай көшкіні жүрді. Бұл туралы 17 сәуірде Төтенше жағдайлар министрлігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес, Алматының Медеу ауданында көлемі 60 текше метр сырғыма түскен.
“Медеу ауданында көлемі 60, салмағы шамамен 5 текше метр лай сырғып, тас жолды жартылай жауып қалды.
Зардап шеккендер жоқ, оқиға орнында «Казселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мамандары жүр”, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметінен.
Елдегі су тасқынына адами салғырттықтың да ықпалы бар. Апаттың алдын алмай, халықты ауыр жағдайға ұшыратқан тұлғалар жауапқа тартылуы тиіс.
Осылай деген Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Премьер-Министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады.
Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы 153% толып кетті, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Бұл туралы СҚО ТЖД Ақпараттық-аналитикалық тобының бас маманы Жазира Қожахметова айтты.
Оның сөзінше Есіл өзенінде су деңгейі әлі жоғарылап жатыр.
Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз