Қазақстан Республикасы мүгедектер күні қарсаңында кітапханада "Сіздерге мейірімділік пен қуаныш сыйлаймыз» атты мерекелік кездесу өтті.. Мичурин ауылдық округі әкімінің атынан бас маман А. Б. Қанжекеева құттықтау сөз сөйлеп, "Ниет" ҚБ басшысы В. Я. Гаарға алғыс хат табыс етті. Кездесу ерекше жылу мен жайлылық атмосферасында өтті. Мерекелік дастархан басында мүмкіндігі шектеулі жандар ауылдық клуб қызметкерлері дайындаған концертті тамашалады. Сондай-ақ, іс-шара бағдарламасында викториналар, ойындар ойналды. Волонтер Н.А. Богданова құттықтау сөз сөйлеп, барлық бастамаларға сәттілік тіледі. Залда "Жақсылық пен бірліктің аумағы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы әдебиеттерге шолу