Аз да болса садақа беріңдер. Ақшасын тығып бермегенге, Алла да нығметін азайтады. Садақа бергеннің ризығы артып, дұғасы қабыл болады. Садақа қабір азабынан сақтайды. Қияметте иесін өз қамқорына алып, тозақ отынан қорғайды»
Анадан артық жан барма,
Анадан артық жан барма,
Жыласаң дереу жұбатқан.
Жетелеп сені шаршамай,
Өткізген талай сынақтан.
Сырыңды сенің білетін
Айтуға кейде қысылған
Ананың аяқ астына
Жұмақтың кілтін жасырған
Анадан артық жан барма,
Қадірін ерте білгенге!
Көз ілмей күнде отырған
Кешігіп кетсең түндерде
Құшағына алып қысқанда
Жылуы емдер жаныңды
Ақ сүтін ақтай алмаймыз
Берсеңде жинап барыңды
Меккеге апар арқалап
Толғағын ақтай алмайды
Адамның бәрі мәңгі емес
Анаңда мәңгі қалмайды
Ананың алмай разысын
Амалың толық болмайды
Қапа ғып кетсең анаңды
Ешқашан жолың болмайды
Тәубеңе ерте келмесең
Кеудени журсең көтеріп
Қайтасың жұмақ есіген
Ашалмай қайтып өкініп
Достарыма
Амандасып қал-жағдай сұрасамыз,
Қамыққанда бас құрап сыр ашамыз.
Мен үшін ең қымбат үш əріп бар
"ДОС" дер едім, қандай деп сұрасаңыз.
Жазбаймын мен өлеңді бос мағына,
Ризамын жанымдағы достарыма.
Ризамын көктегі Жаратқанға!
Жақсылармен басымды қосқанына.
Қалжыңдасам ойынымды көтереді,
Қиналғанда жол нұсқап жетеледі.
Сендердей асылдармен жолықпасам
Өмірім қалай менің өтер еді?!
Болмасын арамызда айып деген,
Жанымдағы сендерді байлық көрем.
Бірге жүрген қасымдағы құрдастарым
Əрбіріңді патшаға лайық дер