Нұрын шашқан күн күлімдеп көктегі.
Ардақтаған, аялаған текті елі,
Арулардың мейрамымен басталған,
Келді тағы табиғаттың көктемі.
Жүректерге ән шалқытып, жыр еккен,
Көркіменен бар әлемді гүл еткен,
Мерекемен, барша ерлер атынан,
Құттықтайын Сіздерді шын жүректен!
Таразылап қара сөздің салмағын,
Ойларымды өлеңменен жалғадым.
Шабыт келіп, қалам алып қолыма,
Аруларға ақ тілектер арнадым.
Шалыққан соң өнердің бұл дертіне,
Жыр тізгінін жіберейін еркіне.
Мына көктем гүл бітіріп тұрғандай,
Арулардың айдай әсем көркіне.
Таусылмаған пенде үшін тұз-дәмі,
Артта қалып, қыстың суық ызғары.
Гүл көктеммен көріктеніп, көркейген
Қазағымның қасиетті қыздары.
Өмір – өрнек, сендер оның мәнері.
Сұлусыңдар, әсемсіңдер, әдемі.
Тал бесік те, қолыменен ананың,
Тербетілген, адамзаттың әлемі.
Тапқандай боп сәтті теңеу санамен,
Аруларды ай мен күнге балар ем.
Сендерменен әдемі ғой жер беті,
Сендерменен көрікті ғой бар әлем.
Нардың жүгі жүктелегендей адамға.
Не бір қиын күн туғанда заманға,
Қуат беріп, қолдайтын да өздерің,
Көрік болып мына ғажап ғаламға.
Көрік берген мынау әсем ғаламға.
Сендерге айтар, сірә, теңеу табам ба.
Күн күлімдеп жүздеріңнен. Гүл бітсін
сендар басқан әрбір құтты қадамға.
Нәр алғандай көктің шуақ күнінен,
Жаралғандай қырдың әсем гүлінен.
Бұл өмірдің сәні болған, арулар,
Құттықтаймын келген көктем күнімен!
Мақсұт РАЙЫСОВ
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Комментарии 8
Арулардың атынан алғысым шексіз.
Сен сияқты ер азаматтар көпрек болса ғой деймін.
Отте керемеет жазыпсын.
Жарайсын!
Алгысымыз шексиз……