Торайғыров университетінде "Қазақстанда және көршілес мемлекеттерде қой шаруашылығының жай-күйі мен даму перспективалары" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
Ғылыми жұмыс және зерттеулерді коммерцияландыру жөніндегі Басқарма мүшесі-проректор Нұрлан Ержанов кездесудің модераторы болды.
Конференция спикерлері "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ, К.А. Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің зоотехния және биология институты, К.И Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университеті, Ұлттық аграрлық ғылым академиясы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясы, "Ақжар-Өндіріс" агрофирмасы, Торайғыров университетінің өкілдері болды.
Конференцияда Қазақстанның отандық қой тұқымдарының генетикалық ресурстары, "Ақжар-Өндіріс" агрофирмасы жағдайында қой мен ешкі шаруашылығының тиімділігі мәселелері қаралды.


Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев