Дәрежең көтерілгенде, достарың сенің кім екеніңді біледі ...
Дәрежең түскенде, сен достарыңның кім екенін білесің ...
Ашулы кезіңде жауап қайтарма,
Қуанышты кезіңде уәде берме,
Ренжіген кезіңде шешім қабылдама.
Кімнің батыл екені -- шайқаста белгілі болады.
Кімнің жомарт екені -- мұқтаждықта белгілі болады.
Кімнің ақылды екені -- ашу үстінде белгілі болады.
Кімнің дос екені -- қиындықта белгілі болады.
Күндердің тез өтіп кетіп жатқанына таңқаласың,
Кейін мұның күндер емес, өмірің екенін аңғарасың.
Адам әлсіз болғандықтан жыламайды, керісінше ұзақ уақыт бойы мықты болып көрінуден шаршағандықтан жылайды.
Өмірдің қиындығын көп көрген--көп нәрсеге қол жеткізеді.
Өмір ащысын көп татқан адам--тәттінің қадірін біледі.
Алла көп көріп, көп тыңдау үшін екі көз, екі құлақ берді, ал аз сөйлеу үшін бір ғана ауыз берді.
Омар Хаям сөзі.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев