Предыдущая публикация
Сағындым ғой дедің-ау, жаным, маған…
Бұлт көрдің бе тауларда мамырлаған?
Сол менің ақ жанымның ақ жалыны,
Аулақта ауылымнан дамылдаған.
Естідің бе аспанның күрсінгенін?
Сол менің саған деген тылсым демім,
Ұйықтап жатса, оянсын, ояу болса,
Күңіренген жанымды білсін дедім.
Мен деп ойла самал боп есіп өткен,
Мен деп ойла нөсерді есі кеткен,
Мен деп ойла өзіңді әр күн сайын,
Төсегін сағынышқа бесік еткен…
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев