Подаются в ресторанах, готовятся дома, становятся узнаваемыми и на вид, и на вкус. Одно из таких блюд – это салат «Цезарь с французскими крутонами», который гордо носит имя своего создателя, итальянского повара. Но, конечно, большинство людей все же связывают это название с древнеримским полководцем.
Не знаю, как вы, но я очень люблю салат «Цезарь». Должна сказать, что в каждом заведении его готовят по-разному, и сложно угадать, какой попадется на этот раз. Но в домашнем исполнении он уж точно будет вкуснее! К тому же вы будете уверены в свежести используемых продуктов. А для этого рецепта нам понадобится:
Уақыттың сынына шыдап, нағыз классикаға айналған тамақ түрлері бар. Кез келген мейрамханада табылады, асүйде дайындалады, түрі де, дәмі де бірден танылады. Солардың бірі – «Цезарь» салаты, әрине. Ойлап тапқан итальяндық повардың аты берілгенімен, бұл есімді көпшілік көне Рим қолбасшысымен байланыстыратыны анық.
Дәл мендей осы «Цезарь» салатын жақсы көретін адам бар ма екен? Оны әр жерде әртүрлі жасайды, қайсы сәтті шыққанын біле бермейсің. Ал үйде өз қолыңмен дайындалғаны бәрібір ең дәмді болады! Бірден бір себеп – қосылатын тамақтардың таза, жаңа алынғанынан кепілдік бар. Бұл салатты дайындау үшін бізге не қажет?
Для салата:
Куриное филе – половина грудинки (Для этого рецепта я выбрала охлажденное куриное мясо «Курочка Ряба». Больше всего мне нравится то, что его не надо размораживать! Что не только экономит время, но и очень полезно.)
Салат айсберг – 2 небольших кочана
Багет – 1 шт.
Пармезан – 100 г
Помидоры черри – 2-3 шт.
Перепелиные яйца – 2-3 шт.
Для соуса:
Чеснок – 1 зубчик (по вкусу)
Сметана – 200 г
Анчоусы – 10 г
Салатқа:
Тауық еті – төстің жартысы (бұл рецептіге мен салқындатылған «Курочка Ряба» тауық етін таңдадым. Маған әсіресе ерітуді қажет етпейтіні ұнайды. Уақытты да үнемдейміз, денсаулыққа да пайдалы)
Айсберг салаты – 2 орташа түйін
Багет – 1 дана
Пармезан ірімшігі – 100 гр
Черри қызанағы – 2-3 түйір
Бөдене жұмыртқасы – 2-3 түйір
Тұздыққа:
Сарымсақ – 1 түйір (талғамыңызға қарай)
Қаймақ – 200 гр
Анчоус – 10 гр
Шаг 1.
Итак, для этого салата первым делом тонко нарезаем багет и запекаем его в духовке до румяного цвета. Нам нужно, чтобы получились крутоны. Но следите за хлебом – не передержите его!
1 қадам.
Алдымен багетті жұқа қылып турап, пеште қызартып аламыз. Бізге керегі – қытырлақ нан. Тым қарайып кетпеу үшін бақылап отырыңыз!
Шаг 2.
Нарезаем курицу тонкими ломтиками и обжариваем в небольшом количестве масла. Она должна стать румяной, но не слишком поджаристой. Куриное мясо готовится очень быстро, и если передержать его на сковороде, оно станет сухим. Помните об этом.
2 қадам.
Тауық етін жұқа қылып турап, майға қуырамыз. Тым көп майдың қажеті жоқ. Тауық әдемі қызаруы керек, қатты қуырылып кетпеуін қадағалаңыз. Тауықтың еті жылдам піседі, табада ұзақ уақыт қалып қойса, кеуіп кетуі мүмкін.
Шаг 3.
Отварить перепелиные яйца. Они меньше куриных и варятся быстрее. Чтобы приготовить их вкрутую, достаточно 5 минут.
3 қадам.
Бөдене жұмыртқасын пісіріп аламыз. Тауық жұмыртқасынан пішіні кішірек болғандықтан, жылдамырақ піседі. Шамамен 5 минутта дайын болады.
Шаг 4. После этого в посуду, в которой будете подавать «Цезарь» нарезаем салат айсберг, хотя можно и просто порвать руками на среднего размера листики. Затем выкладываем сверху жареную курицу и сухари из багета.
4 қадам.
«Цезарь» салаты салынатын ыдысқа айсберг салатын тураймыз. Немесе қолмен үзе салуға да болады. Оның үстінен қуырылған тауық пен багеттен жасалған қытырлақ нанды саламыз.
Шаг 5. Помидоры черри и перепелиные яйца режем пополам, сыр пармезан натираем на терке. И все это выкладываем на тарелку.
5 қадам.
Черри қызанағы мен бөдене жұмыртқасын жартыға бөліп, пармезан ірімшігін үккіштен өткізіп, барлығын салатқа әдемілеп қосамыз.
Шаг 6. Дело осталось за малым, но главным. Готовим соус – в сметану добавляем измельченный чеснок и анчоусы. Именно благодаря этим маленьким рыбкам соус «Цезаря» невозможно перепутать с другим. Поливаем соусом салат, украшаем нашими крутонами – и вуаля! Приятного аппетита!
6 қадам.
Енді соңғы, бірақ ең маңызды қадам – тұздық. Қаймаққа ұсақталған сарымсақ пен анчоус қосамыз. «Цезарь» салатына қайталанбас дәм беретін осы ұсақ шабақтар! Салаттың үстінен тұздықты құямыз. Тіл үйірер дәм дайын болды. Ас болсын!
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев