Жаздың аптап ыстығы. Ауылда күн сайын күннің көзі қайнап тұрғандай. Біз, көрші-қолаңның балалары, жиырма шақты бала, көше бойында жалаңаяқ асыр салып ойнап жүрміз. Шаң-тозаңның ішінен дабырлаған күлкі, қуған, қашқан – бәрі бар. Сол кезде көшенің бұрылысынан Айнагүл тәтеміз көрінді. Қолында сеткада үлкен арбуз.
Айнагүл тәте әрқашан күлімсіреп жүретін. Мінезі жұмсақ, бәрімізге мейіріммен қарайтын. Ал оның күйеуі Мұхтар ағатай– керісінше, үнсіз, байсалды кісі.
Айнагүл тәтені көргенде бәріміз "арбуз!" деп жүгіріп кеттік. Оның он баласы бар еді, біз – көрші балалар – бір үйдің ұл-қызындай араласатынбыз.
"Келіңдер, келіңдер, бәріміз бірге жейік!" – деді тәтеміз. Үйге кірдік. Айнагүл тәте арбузды ортасынан екіге бөлді – іші қып-қызыл, сөл шығып тұр. Қарбыздың дәмі сол күннен ерекше еді. Мүмкін көп болып жегеннен, мүмкін Айнагүл тәтенің кең пейілінен шығар.
Ал Мұхтар көке бір бұрышта үнсіз отырды. Бізге бір қарап қойды. Сол жолы алғаш рет оның жүзінен кішкентай жымиюды байқағандай болдық...
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев