(Абу Шейх риуаят еткен)
🌸 «Менің үмметімнің ең жақсы әйелдері, күйеулеріне сәлемі түзу (яғни, бойсұнушы) және қанағатшылдары».
(Айша р.а. анамыздан ибн Ғади риуаят еткен).
🌸 Бір күні пайғамбар ﷺ былай деді: «Сендерге жәннаттың тұрғындары арасында болатындар жайлы хабар берейін бе? Олар – пайғамбар, салих-ізгі адам, Аллаһ жолында жанын қиған шаһит, ұзақта тұратын мұсылман бауырын Аллаһ разылығы үшін зиярат етуші адам. Бұл сендердің құрсақ көтеріп, дүниеге нәресте әкелетін, қамқоршы әйелдерің. Олар сендермен ұрысып қалған уақытта, бірінші келіп, қолдарыңа қолын қойып: «сен маған разы болмайынша ұйықтай алмаймын», — дейді».
(Ибн Аббастан Насаи риуаят еткен)
🌸 «Күйеуі әйеліне қараған уақытта, әйелі де оған махаббат жүзімен күлімсіреп қараса, Аллаһ оларға мейірімділікпен қарайды. Күйеуі әйелінің қолынан ұстаған кезде, олардың күнәлары саусақтарынан тамып, жуылады».
(Абу Саъидтен әл-Рафиъи риуаят еткен).
🌸 Айша (р.а.) әйелдерге қарап былай деді: «Ей, әйелдер! Сендер күйеулеріңнің алдындағы міндеттеріңді білгендеріңде ғой, өздеріңнің беттерің шаң бол тұра, күйеулеріңнің бетіндегі шаңды сүртер едіңдер».
(Абу Шейх риуаят еткен).
🌸 Пайғамбарымыз ﷺ әйелдерге қарап былай деді: «Ей әйелдер! Сендердің ең жақсыларың жақсы еркектерден бұрын жәннатқа кіреді. Бұл ізгі әйелдер жәннатқа кірген соң жуынып, тазаланып, әдеміленіп ең мықты аттарға мініп күйеулерін қарсы алуға шығады. Оның үстінде әшекейлер, жандарында қызметшілері болады, олар жылтыраған меруерттей болады».
(Абу Амамадан Абу Шейх риуаят еткен).
🌸 «Егер әйел кісі күнделікті парыз етілген бес уақыт намазын қаза қылмаса, Рамазан айында ораза тұтса, өзін бөтен еркектерден сақтай білсе, күйеуіне адал болса, онда оған: «Жәннаттың қай есігінен кіруді қаласаң, сол есігінен кір деп айтылады».
(Анастан Дилми риуаят еткен)
🌸 «Егер әйел күйеуіне: «Аллаһ саған береке берсін» десе, оның күнәлары кешіріледі. Ал егер ол күйеуіне кішкене ғана ашуланса, Аллаһ оның жақсы, сауапты істері үшін жазылған сый-сияпаттарды өшіреді. Әйеліне сабырлық еткені үшін күйеуі кешіріледі».
(Ибн Масъуттан Дилми риуаят еткен).
🌸 «Жер бетінде жақсы, ізгі амал істегендері үшін жәннатқа кірген әйелдер, хор қыздарынан да сұлу болады.
(Хаббан ибн Хабладан ибн әл-Мубарак риуаят еткен).
🌸 Бір күні Аллаһтың Елшісі с.а.с. әйелдерге байланысты былай деді: «Сіздердің әр біріңіз бақытты емессіздер ме? Күйеулеріңізден құрсақ көтерсеңіздер, ал күйеуі оған разы болса. Егер осылай етсеңіздер ол әйелдің аяғы ауыр болған әр бір күніне, күні бойы ораза ұстап түнімен намаз оқып шығушының сауабындай сауап жазылады. Босанар уақыты жақындап, қиналған уақытта, аспандағы періштелердің өзі де Аллаһтың ол әйел үшін қандай сый-сияпат әзірлегенінен бейхабар болады. Дүниеге нәресте әкеліп, көкірегіндегі сүтімен баласын емізген әр бір сәті үшін де Аллаһтың сол әйел үшін дайындалған сыйлығын алады. Нәресте түнімен жылап, анасына ұйқы бермей, ал анасы түні бойы баланы жұбатып, емізіп шыққандығы үшін Аллаһ жолында жетпіс құлды азат еткендей сауапқа ие болады. Сіздер менің қандай әйелдер жайында сөз жүргізгендігімді білесіздер ме? Олар Аллаһқа мойынсынушы, күйеулеріне бағынып, айтқанынан шықпаушы әрі істеген жақсылықтарын тез арада ұмытушы әйелдер».
(Хадисті Хасан ибн Суфяннан Табарани риуаят еткен)
🌸 «Аллаһ, өз жұбайына адал, бөтен еркектерге қорғандай қатты[10] болған әйелдерді жақсы көреді».
(Алиден Дилми риуаят еткен).
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев