Kaspi.kz
Енді шотты төлеу үшін төлеу терминалын күтудің қажеті жоқ. Үздік Kaspi.kz қосымшасын ашып, үстелдегі QR-кодты сканерлеп, тапсырыс ақысын төлесеңіз болғаны, қаласаңыз, тікелей даяшыға шайпұл қалдыра аласыз. Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:
«Шотты төлеу үшін терминалды күтіп, бөлек шайпұл қалдыру үшін даяшыдан телефон нөмірін сұрайтын жағдайлар әркімде болған шығар. Біз Kaspi Мейрамханалар сервисін жасауға шешім қабылдадық, бұл қонақтарға тапсырыс ақысын кез келген уақытта ыңғайлы тәсілмен төлеп, жақсы қызмет көрсеткені үшін алғыс ретінде шайпұл қалдыруға мүмкіндік береді. Сүйікті клиенттерімізге астарыңыз дәмді болсын деп, бізбен бірге болғаны үшін алғыс айтамыз!»
Жаңа сервис сүйікті клиенттеріміздіңғана емес, мейрамханалардың да уақытын үнемдеуге көмектеседі. Енді даяшылар ақы қабылдауға уақыт кетірмей, қонақтарға көбірек уақыт бөле алады. Қазірдің өзіндеKaspi Мейрамханалар сервисі Қазақстан бойынша 800-ге жуық мейрамхана мен кафеде қолжетімді.


Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев