1.Бекарыс, одан — Алау батыр, Алаудан — Алшын, Алшыннан - Нəдірқожа, Қыдырқожа, Сəдірқожа.
Нəдірқожадан — Қаракесек, одан — Əлім,Шөмекей.
Əлімнен — Аманақ, Жаманақ, Қарамашақ, Айнақ,
тоқалынан — Түмен, Түменнен — Байсары, Кішкене.
Байсарыдан — Кете.
Бұл — алты аталы Əлім.
Шөмекейден төрт бала — Тоқа, Көнек, Асбан, Бозғыл. Шөмекей жуас па, əлде басқа жағдайы бар ма, əйтеуір
25 таңбалы Кіші жүзде, Шөмекей Кіші жүздің баласы
болса да, таңбадан кұр қалыпты дейді.
2. Сəдірқожадан — Арғымақ, Арғымақтан - Тілеу, Рамазан
(Рамадан; Тілеудің құлы), Табын, Тама, Кердері,Керейіт, Жағалбайлы. Бұл жетеуін Жетіру деп атайды.
3. Қыдырқожадан — Сүлтансиық, Қыдырсиык, Бақтысиық.
Қыдырқожа бай болғандықтан, оны Бай деп, одан өрбіген тұқымды Байұлы деп кеткен. Он екі ата Байұлы деп аталатын рулар осылардан тарайды. Олар екі жолмен құралады:
1. Сүлтансиықтан — Байбақты,
Алаша, Масқар,Тана, Қызылқұрт.
2. Қыдырсиықтан — Ысық, Жаппас, Беріш, Таз, Есентемір, Шеркеш.
«Адай — қыздың баласы, Байұлы Адаймен 13 ата» дейтінде сөз бар.
Шежіреші, Медет руынан шыкқан Еңсеп Тəтімбетов — осыдан 80 жылдай бұрын өлген кісі. Өзі — Адайдың Келімбердісі, оның Мұңалы, оның Бəйімбеті, оның Сабытайы, Медет — Сабытайдың баласы.
(1954 ж. қарашада, 87 жасында дуние салған) Нұрнияз Шəуметкенов қарт басқаша айтады.Ағасы Қуанышбектің əйелі Бибатпа — Еңсептің туған қызы.
Еңсеп қартқа Таз руынан Есенбақ жəне Шеркеш Мақаш правитель айтқан көрінеді:
Қыдырқожа байдың екі əйелі болды, олардың аттарыЖəнби мен Тотан.
Бəйбішесі Жəнбиден — Сұлтансиық, Қыдырсиық, Бактысиық.
Тотаннан — бес бала: Ысық, Мысық, Сасық (екеуін ұмыттым).
Аманқожа деген көршісі өліп, Бай оның əйелін алады,осы əйелден Таз туады.
Атақожа деген тағы бір қөршісі өліп, Атақожадан Ештай,Елтай деген екі бала қалады. Ештай əкесі Атақожаныңтірісінде үйленіп, одан Беріш туады. Ештай да, Елтай да ер жігіттер болады. Байдын жауы көп болған, ол замандағы негізгі жауы қалмақтар болса керек. Елтайдын қайраты мен ерлігіне Бай өте риза болып оған бәйбішеден туған жалғыз кызы Қанбибіні береді. Қанбибі екіқабат кунінде Елтай жауға аттанып кетіп, сол сапарынан оралмайды. Бай Елтайдың жаудан қаза болғанын естіп, қаза болган күйеуін қызына естіртуге ұйғарғанда, орта жүздің аса беделді адамының бірі Әспенбет қарт тұрып: «Дүниеге нәресте келсін, сонан кейін естіртелік» депті. Мұны Бай мақұл көріпті.
Айы-күні жетіп, Қанбибі босанып, ер бала табады. Әспенбет қарт балаға Адай деп ат койып, Қанбибіге Елтайдын жаудан қаза болғанын естірткенде Қанбибі жүрегі жарылып өледі. Осылай әке-шешесі өлген Адай жетім қалады да, оны Тазды шешесі емізеді. Таздың шешесін тел емгендіктен Адай мен Таз екеуі басқа Байұлынан бір-біріне жақын. Адайдың бір кұрсақтан жалғыз болуы да содан дейді.
Жазбаның авторы: Алшын Меңдалыұлы (15.04.1895, Маңғыстау түбегі – 09.11.1979, Жыңғылды ) – шежіреші, шешен, би. Мұсылманша білім алған. Жасынан Маңғыстау, Атырау өңірінің Сейіт, Мәтжан, Тілеген, Айдар, Сырым, т.б. билерінің шешендік дәстүрін өнеге тұтып өседі. Ауылдық (1920 – 37), ауданы (1956 – 57) кеңестерде қызмет істеді. 1937 ж. «халық жауы» атанып, Атырау қаласындағы түрмеде (1937 – 40) отырып, Новосібір облысына жер аударылды (1940 – 45). Дербес зейнеткерлікке шығып, өмірінің соңғы жылдарында Маңғыстау елінің бағзы әдет-ғұрпы, тұрмыс-тіршілігі, ауызша тараған ататек шежіресі жайында еңбектер жазды. «Кіші жүз және Адай шежіресі» аталатын көлемді қолжазбасы ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатында сақтаулы.
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев