1. Жаманақ (Шекті) .
2. Қарамашақ (Төртқара).
3. Айнық (Қарасақал). Айнық құба – қарасақалды болғандықтан Қарасақал атанған.
4. Ұланақ ( Қаракесек).
5. Тегінболат (Қарасақал).
6. Тойқожа.
Ал, Шөмекейлер - Әлімнің інісі Шөменнің балалары. Яғни, Шөменнен Шөмекей мен Дөйт туады. Дөйттен ұрпақ болмаған, сондықтан оның атын есте сақтау үшін Шөмекейлер оны ұранға айналдырған. Шөмекейден Тоқа, Көнек, Аспан, Бозғыл. Бұлар Дөйт ұранды төрт Шөмекей деп аталады.
Ал, Ақ Кетелер - Әлімнің ағасы Байсарының ұрпақтары. Яғни, ағасы Байсары қайтыс болғаннан кейін жеңгелей алған Кете жеңгесінен туған балалар. Тойқожаның ұрпағы Əлімнің ағасы Байсарының ұрпақтарымен қосылып (Олар кезінде өздерін Əлімнің баласымыз деп санаған) "Ақ Кете" руы аталып кеткен.
Шындығында да Әлім, Кете, Шөмен - үш ата тобы - біз бір-бірімізбен туыспыз. Кете, Әлім, Шөмен малын бірге өргізген, жаз жайлауға, қыс қыстауға бірге көшкен, себебі, өрісі де бір, қонысы да бір ел болған. Бір-бірімен, ертеден, қыз алысып қыз беріскен құда болғандықтан, бір-біріне нағашы жұрт, қайын жұрт, жиен болып, туыстығы жақын қалың елге айналған. Бір Әлімге бір Шөмекей туыс болып, олардың Байсары деген ағаларынан Кете бике деген жеңгелері жесір қалатыны да содан тараған аңыз!
_____&______________________________________
Бекболат Абилдаиов.
Ожырай Кетеміз дейтін ағайындар бар. Бозаншарға еншілес Сәдудің ұрпағы дейді. Сәдуден. - Сәбден- Ожырай. Ожырайдан-Жәлімбет, Жәрімбет. Жәлімбеттен- Мырза, Бейімбет. Мырзадан- Рысқұл, Қайдос, Құттымбет, Жамбай, Жолдыбай, Әжімбет. Сәду кезінде Кәдірқожаны паналап, Әлімнің балдарымен бірге өскен.Кейін Кетемен қоныстас
болып, сіңіп кеткен соларға.
Енді бір әңгіме Шөменнен туған Түменқожа туралы. Бұлар да сіңісіп кеткен. Олай болса барлық Кетені бір қосып,Кетенің бәрін Әлімге қосайық деген ой ғой. Сол кезде Алты Ата Әлім, Өнекі Ата Байұлы, Жеті Ата Жетіру, Төрт Ата Шөмекей-бәріміз Жиырма тоғыз Ата Кіші Жүз боламыз ! Тегіңді білу дұрыс,бірақ бөле- жарылмайық, ағайын! Қазір балдар ру сұрамай үйленіп жатады, олай болмайды! Қанша тыраштанғанмен араб боламын деп, біз Қазақ болып қаламыз!! Сондықтан, жеті атаңды біл, ағайынды ұмытпа! Менің ойым осы, оған не дейсіңдер?
___________________________________________
Менде әкемнен қалған Шежіреде: - Тойқожа-Ақкете - Байсары қайтқасын Әйелі Кетебике шешемізді Әлім алғасын туған. . Тегінболат Кетебике шешеміздің ішінде келген ия ізіне еріп келген дейді. . Байсарыдан Бозаншар Тегінболат екі бала. Бозаншардан- Адамқожа. . Адамқожадан-Қара, Сары. Садбан деген құлынан Ожырай. Садбанның әйелін Сары алғасын одан Асан, Жанбақты. Асаннан-Қарабазар, Қарпық, Киікші. Жанбақтыдан-Нұрымбет, Сары. Әлім қайтқасын Кетебике шешемізді інісі Шөмен алған. . Одан Төменқожа. . Одан -Маметек. . Қаракете Ақкете Маматекпен тақ Кете деген нақыл қалған дейді. Кетебикеден туғандардың ұрпақтары Кете руы болып қалыптасқан деп айтады. Шөмекейге келетін болсақ. . Ол Әліммен бірге туған Шөменнің баласы. . Одан Аспан Бозғыл Тоқа Көнек-төрт рулы ел тарайды. . Олар Әлімге кірмейді. Әлім мен Шөмен еншісі бөлінбеген содан болар Шөмекейді Әлімге қосып жүргендері дейтін Әкем. . Қатесі болса кешірім сұраймын. Менікі есіткенімді жеткізу. . .
Жантеке Жаримбетов.
____________________________________________
Ақкете - Әлімнің баласы, Байсарыға қатысы жоқ. Тайқожадан (Ақкете )- Тұрсынбай , Қараш.Тұрсынбайдан-Нұртаза -
Мұңайтпас . Мұңайтпастан - Бағадден , Жамаледден. Бағадденнен - Шалқошқар , Байқошқар, Аққошқар. Жамаледденнен - Қоңыр , Майлы . Қоңырдан - Құрман , Сасық. Майлыдан -. Әлібек , Қаралжын , Төлей. ҚАРАШТАН - Алтыншы - Шүрегей - Мама , Түйте , Қалқаман. Мамадан - Мамыт - Андабай - Өтеғұл , Саңырық , Бостыбай , Жантай. Түйтеден- Әнет, Қалқаманнан - Саспан , Соңай . Саспаннан - Айшора , Жаншора , Байшора . Соңайдан - Өмілдірік .
Менің бір жерден жазып алғаным осы , Салыстырып көріңдер , мүмкін , қажеттеріңе жарар.
Бекболат Абилдаев.
___________________________________________
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев