Тіл
PDF түсіріп алу
Бақылау
Өңдеу
Киелі жануарлар– айрықша қадірленетін тіршілік иелері. Қазақ халқының дәстүрлі наным-сенімінде, әдет-ғұрпында киелі жануарлар – жақсылықтың жыршысы, берекенің бастауы, бақыт әкелуші, ырыс-құттың нышаны. Ш. Уәлиханов “Қазақтардағы шамандықтың қалдығы” атты еңбегінде: “Қазақтар киеге үлкен мән береді. .... кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажет заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырым жорасын жасап тұру, адам баласына байлық пен бақыт, құт әкеледі деп түсінеді. Ал осы кәделерді ұстамау, киелерді құрметтемеу – жоқшылыққа душар етеді. Сондай құдіретті күші бар жан-жануарлардың киесі бар дейді, ал олардың өзін киелі деп атайды. Жан-жануарлардың киесін қадірлемеу – киенің қатерін туғызады. Киенің ашуы, қатері – кесір деп аталады”, – деп түсініктеме берген. Ежелгі дәуірде аңшылықпен айналысқан адамдар өздері аулайтын жануарлардың кейбіреулерін киелі санап, оларға табынатын болған. Оны сол дәуірде үңгірлер қабырғаларына немесе жартасқа қашап салынған суреттерден айқын көруге болады. Қазақ халқының наным-сенімдеріндегі К. ж., көбінесе, діни ұғымдармен байланысты қалыптасқан. Халқымызда Киелі жануарларға құмырсқа, өрмекші, дәуіт, тасбақа, қарлығаш, үкі, бүркіт, ұлар, аққу, дегелек, тырна, арқар, киік (ақбөкен), құндыз, төрт түлік мал жатады. Мыс., өрмекші Мұхаммед пайғамбарды (ғ.с.) жаудан құтқарса, ал дәуіт – құс ұясындағы жазықсыз қызылшақа балапандарды құтқарушы, қарлығаш – адамның досы, аққу – пәктіктің нышаны, т.б. Киелі жануарлар ұғымы дүние жүзінің көп халықтарында бар, ол – наным-сенімнің, табиғат туындыларына деген табынудың, оны құрметтеудің, қорғаудың бір көрінісі.
Қазақ халқында “киіктің де киесі бар”, “иттің иесі болса, қасқырдың тәңірі бар” деген мақал-мәтелдер соның айғағы. Киелі жануарлар ды аулауға, атуға рұқсат етілмейді, оның киесі ұрады, кесіріне жолығасың деп қастерлейді. Ұларды атсаң – ұлардай шулап қаласың деп түсіндіреді. Мыс., аққуды атпа, құндызды аулама, өрмекшіні өлтірме, ұларды шулатпа, құмырсқаның илеуін бұзба, тырнаға тиме, т.б. Киелі жануарлар дың кейбірін адам баласы өзінің шыққан тегі деп есептейді.
Төрт түліктің бәрі де киелі деп есептелінеді (қ. Қамбар ата, Ойсылқара, Зеңгі баба, Шо-пан ата). Әсіресе, жылқы мен түйенің киесі ерекше айтылады. Киелі малды ұрмайды, теппейді, киесі ұрады деп қорқады. Киелі малды сатқанда, не тарту еткенде жылқының ноқтасын, жүгенін, түйе мен сиырдың бұйдасын, бүркіттің томағасын, иттің қарғы бауын бермей алып қалады. Яғни кие басқа адамға ауып кетеді деп қорқады. Тіпті тұқымы үзілмей жалғасып келе жатқан жылқының сілекейін де алып қалады. Ол кие үйде қалсын дегенді білдіреді.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 1