Халқымыздың өрнекті өнерінің бірі шиді жүнмен орап, және оны өрнектеп тоқу ісі. Қолөнерінің барлық түрлері сияқты, ши тоқу, оны түрлі өрнектермен безендіру әдісі өте ерте заманнан бері келе жатқан өнер мұрасы. Сан алуан әдемі өрнектер орап тоқыған шым шилер киіз үйдің керегесі мен туырлығының арасына ыдыс-аяқ тұрған жақка тұтуға, сондай-ақ үлкен үйлердің ішін бөлмелеп далда жасауға, итарқа құруға өте ыңғайлы. Ертеректе батырлардың оң салып жүретін қорамсақ қаптары да шиден тоқылған. Қолөнер ісінің басқа түрлеріне қарағанда ши тоқу әлдеқайда арзанға түседі, әрі төзімді келеді. Әсіресе киіз үйдің ішін әсемдеуде шидің алатын орны ерекше. Неше түрлі сырмен боялып, сағанақтары күмістендірілген кереге көздері мен құлпырған құр-таңғыштарға, термелеп өріп, жібекпен шашақтаған уық бауларға, зермен кестелеп, шұғамен оюлаған туырлық пен үзіктің ішкі өрнектеріне ши жалпы түр беру ретінде өте үйлесіп-ақ тұрады.. Әсем болумен қатар ши көші-қон жағдайында алып жүруге өте қолайлы. Сондықтан мал шаруашылығымен айналысатын елдер оны ерте заманнан бері пайдаланып келеді.
Қанат шилер
Ши бұйымын жалпы сырт көрінісіне қарай үш түрге бөледі: ақ ши, ораулы ши, шым-ши (шымораулы ши). Халық қолөнерінің шеберлері сол жоғары айтылған өрнектелген шилерді қанат шилер деп атайды. Қазақ арасында осы ши түрлерінің әрқайсысы орын-орнымен қолданылады. Мәселен, ақ шиді оралмай, құр өзі тоқылатын болғандықтан көбінесе киіз басуға, өре жаюға, сүзгіге, шыптаға мал сойғанда, еттің астына салуға, сырғауыл салынған үйдің төбесіне жабуға ұстайды. Ал өнебойы түгел оралған өрнекті шиді шым ши дейді. Оны киіз үйге, ас-су, ыдыс-аяқ тұратын жерге қоршау етеді. Кейде оны түскиіз орнына да ұстайды. Өнбойы тұтас емес, әр жерінен аралатын оралған шиді ораулы ши дейді.
Ши тарту, оны аршу, орау, жүн орап тоқу науқан сияқты, ауыл азаматтарының бәріне ортақ жұмыстар. Ши тартуға ауылдың қыз-келіншектері мен жігіттері жиналып, орталарынан соятын қойын, қымызын дайындап, домбыра, қобыз алып, ұйымдасқан түрде кірісетін. Қазақтың «ши тарту биі», «ши шымылдық» дейтін ұлт ойындары содан қалған.
Тоқылатын ши мал аяғы баспаған соны жерден, жаздың орта шенінде әбден бойлап өскен кезде тартылады.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев