НАУРЫЗ ТОЙЫМ – МЕРЕКЕМ,
САЛТ-ДӘСТҮРІМ – БЕРЕКЕМ
Наурыз – рухани әрі ғылыми мәнге ие мереке. Тіршілік біткен түрленіп, табиғат қызылды-жасылды бүрленетін бұл күндері төрткүл дүние жаңарып, жасарады.
Наурыз мейрамының астрономиялық заңдылықтар мен ғылыми негізге сәйкес келетін тұстары да көп. Бұл тылсым табиғатпен біте қайнасқан ата-бабаларымыздың даналығын көрсетеді.
Халқымыз Ұлыстың ұлы күндері ұлы істер бастауды құп көрген. Бұлақ біткеннің көзін ашып, жасыл-желек отырғызып, өмірге жаңа рең берген. Амал мерекесінен бастау алатын Ұлыстың ұлы күні кең көлемде тойланып, халықты біріктіретін бірегей іс-шараға айналды.
Әз-Наурыз ұлттың болмысы мен тамыры терең тарихымыздың ұстыны іспетті. Бұл к
Наурыз тойы-мерекем
«Наурыз» мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алып, дәстүрлі қазақ қоғамында «Ұлыс күні»- жыл басы саналған. Наурыз бүкіл ұлтқа ортақ әрі тарихи маңызы терең мейрам. Алматы қаласының Мемлекеттік архивіндегі сақтауға алынған қор құжаттарында Наурыз мерекесіне қатысты деректермен қатар мерекені ресми түрде атап өту туралы шешімдер бар. 1991 жылдың 20 наурызында Қазақ КСР-нің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Көктемгі халықтық Наурыз мейрамы» туралы Жарлығы шықты. Құжатта: «Көктемгі күн мен түннің теңесу күні — наурыздың 22-сі халықтық мереке — Наурыз мейрамы болып жариялансын» — деп атап көрсетілді. Мерек