Первыми, кто опробует на себе преимущества медицинского страхования, станут 1,4 млн жителей Карагандинской области. Об этом заявил министр здравоохранения Елжан Биртанов на круглом столе, посвященном апробации ОСМС. Он состоялся 28 августа в Караганде.
- Апробация медицинского страхования позволит выявить все «узкие» места и оперативно скорректировать их до 1 января. Мы максимально сконцентрировали внимание на нормативно-правовой базе, готовности информационных систем, на учете потребителей медуслуг, совершенствовании закупа и оплаты, - отметил Елжан Биртанов.
На пилотирование проекта выделены 2,3 млрд тенге. Они предназначены для профосмотров более 175 тысяч человек на раннее выявление заболеваний сердечно-сосудистой системы, сахарного диабета, глаукомы и вирусных гепатитов, а также на предоставление медицинской реабилитации пациентам, перенесшим инсульт, инфаркт, тяжелую травму или сложную операцию.
Каждый житель Карагандинской области, зафиксированный в регистре прикрепленного населения, обеспечен персональным электронным паспортом здоровья. Паспорта содержат все медицинские записи и позволяют в электронном виде наблюдать за ходом наблюдения и лечения пациентов, которые отражаются в двух модулях – «Поликлиника» и «Стационар».
Для определения статуса в системе медицинского страхования Фондом медицинского страхования разработана информационная система «Saqtandyrý», которая будет апробирована в рамках пилота. Подготовлена ее интеграция с информационными системами НАО "Государственная корпорация "Правительство для граждан". С 1 сентября планируется запустить сервис по выдаче статуса застрахованности населению.
..........................................................................................................................
Қарағанды облысында медициналық сақтандыру жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылды
Медициналық сақтандырудың артықшылықтарын алғаш болып Қарағанды облысының 1,4 миллион тұрғыны байқап көрмек. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов МӘМС апробациясына арналған дөңгелек үстелде айтты. Шара бүгін Қарағанды қаласында өтті.
«Медициналық сақтандыруды сынақтан өткізу алдын ала кемшіліктерді анықтауға және оларды 1 қаңтарға дейін жедел түзетуге мүмкіндік береді. Біз нормативтік-құқықтық базаға, ақпараттық жүйелердің дайындығына, медициналық қызметтерді тұтынушылардың есебіне, сатып алу мен төлемді жетілдіруге барынша назар аудардық», - деді Елжан Біртанов.
Пилоттық жоба бойынша жүрек-қантамыр жүйесі, қант диабеті, глаукома және вирустық гепатит ауруларын ерте анықтау үшін 175 мыңнан астам адамды профилактикалық тексеруден өткізуге және медициналық оңалу қызметтеріне 2,3 млрд теңге бөлінген. Сонымен қатар, инсульт, инфаркт, ауыр жарақат немесе күрделі ота жасаған адамдар үшін медициналық оңалту қызметі ұсынылады.
Қарағанды облысында тіркелгендер тізіміндегі әрбір тұрғын жеке электрондық денсаулық паспортымен қамтамасыз етілген. Паспортқа барлық медициналық жазбалар енгізілген және «Емхана», «Стационар» модульдері арқылы пациенттерді бақылау және емдеу барысын электронды түрде бақылауға мүмкіндік бар.
Медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебені анықтау үшін медициналық сақтандыру қоры «Saqtandyrý» ақпараттық жүйесін әзірледі, ол пилот шеңберінде сынақтан өтеді. Оның интеграциясы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ақпараттық жүйелерімен дайындалды. 1 қыркүйектен бастап халыққа сақтандыру мәртебесін беру бойынша қызметті іске қосу жоспарлануда.
#МСҚ #МӘМС #ОСМС #медицина #ФСМС #Казахстан #медицинскоестрахование #взносы#отчисления #ЕСП #сақтандыру #медсақтандыру #защитаправпациента
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев