Біріншісі – кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті.
Көмектің екінші деңгейі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті.
МӘМС пакеті шеңберінде көрсетілетін консультативтік-диагностикалық көмек түрлері:
- ересектер мен 18 жасқа дейінгі балаларды профилактикалық тексеру – жылына 1 рет;
- стоматологиялық қызметтер (18 жасқа дейінгі балалар, мүгедектер, зейнеткерлер, көп балалы аналар);
- салалық мамандардың қабылдауы, консультациясы мен ем-дом шаралары;
- динамикалық бақылауға жатпайтын созылмалы ауруларға шалдыққан пациенттерді салалық мамандардың бақылауы;
- лабораторлық диагностика (соның ішінде бағасы қымбат болып келетін қызмет түрлері).
ТМККК тізіміне енбеген сырқаттар амбулаторлық деңгейдегі тегін дәрі-дәрмекпен МӘМС есебінен қамтамасыз етіледі. Оған мыналар кіреді:
- өткір ауруларға шалдыққан ересек азаматтар (7 түрлі сырқат бойынша);
- дәрі-дәрмектерді пайдалана отырып, стационарлық емді амбулаторлық емге алмастыру;
- емхана деңгейінде динамикалық бақылауға алынатын ауруларды емдеу (12 түрлі сырқат бойынша);
- лконсультативтік-диагностикалық көмек нысаны деңгейінде динамикалық бақылауға алынатын ауруларды емдеу (21түрлі сырқат бойынша);
- амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарына көшу.
Стационарлық көмек сақтандырылған азаматтарға (кепілдендірілген тегін көмек пакетіне кірмейтін ауруларға шалдыққан жағдайда) тегін көрсетіледі. Оған ауруханаға жатуға себеп болған, асқынған ауруларды (эстетикалық мақсатта жасалған пластикалық операцияларды қоспағанда) емдеу, созылмалы ауруы асқынған пациенттерге үй жағдайында көмек көрсету, салалық мамандар кеңесі, диагностикалық (соның ішінде бағасы қымбат болып келетін) қызметтер жатады.
Сақтандырылған азаматтар кепілдендірілген тегін медициналық көмек тізіміне енбеген ауруларға шалдыққан жағдайда жоспарлы стационарлық көмекті МӘМС пакеті шеңберінде алады. Оған мынадай қызметтер кіреді:
- салалық мамандардың консультациясы;
- диагностикалық қызметтер (соның ішінде лабораторлық диагностика);
- ауруханаға жатуға себеп болған, асқынған ауруларды (эстетикалық мақсатта жасалған пластикалық операцияларды қоспағанда) емдеу;
- қанмен және қан компоненттерімен қамтамасыз ету;
- жоғары технологиялы медициналық қызметтер;
- медициналық оңалту және қалпына келтіруге бағытталған ем-дом шаралары;
- емдік тамақтану.
Сақтандырылған азаматтар медициналық оңалту қызметі мамандандырылған орталықтарда/оңалту бөлімшелерінде көрсетіледі. Ал, балалар мен мүгедектерді оңалту амбулатория жағдайында жүргізіледі.
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев