Енді оған қандай қызметтер кіретінін талқылаймыз.
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек халықты тіркеумен айналысатын емханалар мен клиникалар тарапынан көрсетіледі. БМСК учаскелік терапевт, педиатр, жалпы практика дәрігері, фельдшер, тіркелген емханадағы медбике сынды мамандар қызметінен тұрады. Бұған: профилактикалық екпелер мен скринингтер; жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балаларды дәрігерлік бақылау; созылмалы аурулар (25 топ бойынша) мен әлеуметтік маңызы бар ауруларды (онкология, туберкулез, ВИЧ, психикалық аурулар) динамикалық бақылау сынды медициналық қызмет түрлері жатады. Жалпы, бұл ауруларды емханадағы учаскелер деңгейінде басқаруға болады. Мәселен, емханалардағы қант диабеті мектептерінің көмегімен іске асыруға әбден болады.
Азаматтардың барлығы шұғыл медициналық көмек ала алады, терапевке қаралып (созылмалы ауруы асқынғанда), диагностикалық көмек, соның ішінде лабораторлық диагностика қызметін пайдалана алады. Сондай-ақ, әр адам мамандардан салауатты өмір салты, репродуктивтік денсаулық мәселелеріне қатысты кеңес алуына болады.
Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде көрсетілетін консультативтік-диагностикалық көмек түрлері:
- динамикалық бақылауға алынатын немесе әлеуметтік маңызы бар сырқатқа диагноз қою;
- динамикалық бақылауға алынатын созылмалы ауруға шалдыққан пациентке консультация беру;
- халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарына бағасы қымбат болып келетін медициналық қызмет түрлерін көрсету.
Стационарды алмастыратын көмек әлеуметтік маңызы бар аурулар мен динамикалық бақылауға алынатын созылмалы ауруларға шалдыққандарға көрсетіледі. Сондай-ақ, тәулік бойғы стационарда емдеуді қажет етпейтін сырқаттар диагноз қойғанға дейін стационарда диагностикалық тексеруден тегін өте алады.
Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде көрсетілетін стационарлық көмекті шұғыл жағдайларда барлық азаматтар пайдалана алады. Жоспарлы стационарлық көмек динамикалық бақылауға жататын негізгі созылмалы ауруларға көрсетіледі. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен жұқпалы ауруларға және қоршаған ортаға қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққан пациенттер де стационарда емделе алады.
Кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін медициналық оңалтуды туберкулезбен ауырған пациенттер пайдалана алады. Паллиативтік көмек туберкулезбен, онкологиялық аурулармен ауыратын пациенттерге, терминалдық стадиядағы сырқаттарға, өзгенің көмегінсіз тамақтанып, жүріп-тұра алмайтын науқастарға көрсетіледі.
Әлеуметтік маңызы бар ауруларға шалдыққан науқастар да, ТМККК шеңберінде динамикалық бақылауға алынатын пациенттер де амбулаторлық деңгейде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Динамикалық бақылауға: қант диабеті, гипертония, демікпе, вирусты гепатит, туберкулёз, онкологиялық және психологиялық аурулар жатады.
Сонымен қаар, әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын пациенттер және арнайы емдік тағамдар мен иммунобиологиялық препараттарды қажет ететін азаматтар да тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев