Дұрыс тамақтану, үнемі қимыл-қозғалыста болу, дене салмағын қалыпты ұстау, шылым шекпеу - диабеттің алдын алуға көмектеседі. Біз Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күніне орай арнайы фудинфографика дайындадық.
Әлемде 422 млн адам диабетпен ауырады. ДДСҰ мәліметінше, 2040 жылға қарай олардың саны тағы бірнеше есе артуы мүмкін.
Диабет – ұйқы безі инсулинді жеткілікті мөлшерде бөлмесе немесе бөлінген инсулинді организм тиімді пайдаланбаған жағдайда туындайтын созылмалы ауру.
Инсулин – қандағы қант мөлшерін реттейтін гормон. Диабет дер кезінде емделмесе гипергликемия пайда болады. Яғни, қант ағзаға сіңбей, қан құрамында қалып қояды. Бұл ішкі ағзалар мен жүйелерге, әсіресе, жүйке жүйесі мен қан тамырларына қатты әсер етеді. Қаныңыздағы қант мөлшерін тексертіңіз!
Үнемі қарның аш сияқты жүру, салмақтың күрт артуы немесе кемуі - қант диабетінің алғашқы белгілері. Мұның бәрі кенеттен білінеді. Кейде аурудың симптомдары байқалмауы да мүмкін. Кей адамдар өзінің диабетке шалдыққанын бірнеше жылдан кейін, яғни асқынғаннан соң біліп жататыны сондықтан.
Диабеттің 1 типі бұрын инсулинге тәуелді, жасөспірімдер немесе балалар диабеті деп аталатын. Диабеттің бұл түріне инсулиннің жеткіліксіз мөлшерде бөлінуі тән. Сондықтан да науқас күн сайын инсулин егіп отыруы қажет. Диабеттің бұл типінің пайда болу себебі белгісіз, бірақ қазір оның алдын алуға болады.
Диабеттің 2 типін бұрын инсулинге тәуелсіз немесе ересек тип деп атаған. Ол ағзаның инсулинді тиімсіз пайдалануынан туындайды.
Диабетпен ауыратындардың көбі 2 типтегі диабетке шалдыққан. Бұл артық салмақ мен физикалық қимыл-қозғалыстың аздығынан туындайды.
Уақыт өте диабет жүректі, қан тамырларын, көзді, бүйрек пен жүйке жүйесін зақымдауы мүмкін.
• Диабетпен ауыратын ересек адамдардың инфаркт және инсульт алу қаупі 2-3 есе жоғары.
• Қан айналымының нашарлауынан жүйке жүйелері зақымданып, жазылмайтын жаралар шығады. Емдемесе аяқты немесе қолды кесіп тастауға тура келеді.
• Ретинопатия диабеттің негізгі себептерінің бірі. Бұл көздің ішкі тор қабатындағы зақымданған ұсақ қан тамырларының бір жерге жиналып қалуынан дамиды. Әлемде көз жанарынан айырылғандардың 2,6 пайызы диабет тырнағына іліккендер.
• Бүйрек тапшылығы да диабет салдарынан болатын аурулардың бірі.
Салауатты өмір салтын ұстану - 2 типтегі диабеттің алдын алуға көмектеседі.
ДДСҰ сарапшылары профилактиканың мынадай қарапайым түрлерін ұсынады:
• дене салмағын бір қалыпта ұстау;
• физикалық белсенділік, қимыл-қозғалысты күшейту, күні бойы қалыпты қарқынмен қозғалу.
• салауатты өмір салтын ұстанып, қантты және майлы тағамдарды азайту;
• темекіден бас тарту, себебі, шылым жүрек-қан айналым жүйесі ауруларына шалдықтырады.
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев