Солардың бірі әрі бірегейі – жас эндоуролог Дархан Ерланұлы Мәми.
2009 жылы С.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетін тәмамдағаннан кейін «Академик Б.Жарбосынов атындағы ұлттық урология ғылыми орталығы» АҚ-на жұмысқа орналасты. Кейін университеттің резидентурасын аяқтады. Бүгінде Қазақ ҰМУ-нің PhD докторанты. Әлі күнге дейін ғылыми орталықтың Эндоурология бөлімінің дәрігері болып еңбек етді.
«Жас келсе – іске» демекші, білімі мен білігін ұлт денсаулығы жолында сарп етіп жүрген Дархан Ерланұлы ешқашан жеткен биігінде тоқтап қалған емес. «Жақсы дәрігер көп ізденуі тиіс» деген пікірді өмірлік ұстаным еткен ол Франция, Оңтүстік Кореяда тәжірибе жинақтап қайтты. Әлемдік әріптестерінің тәжірибесін зерттеуге, халықаралық конференция, семинарлар мен шеберлік кластарына қатысып білімін жетілдіріп жүр.
Жалпы, несеп жолдарына тас байлану (уролитиаз) – қазіргі заманда жиі кездесетін, бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Әлемде, сондай-ақ, біздің елімізде де жыл санап саны артып бара жатқан бұл аурудың соңы бүйрек тапшылығына, мүгедектікке әкеп соқтырады. Бүгінде дүниежүзі дәрігерлері пайдаланып жүрген оперативтік емдеу тәсілдері Қазақстанда да кеңінен қолданылады. Біздің кейіпкеріміз Дархан Мәми жұмыс барысында шағын инвозивті эндоскопиялық әдістерді шебер пайдаланып, жұртшылықтың алғысына бөленіп жүр. Медицинадағы осындай соны әдістер операциядан кейінгі асқынуларды болдырмай, пациенттің тез аяқтан тұрып кетуіне мүмкіндік береді.

Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев