Еліміздегі ең үздік спорт алаңдарының бірі – «Алматы Аренада» 10–19 қараша күндері футзалдан Студенттердің ұлттық лигасының «көктем-күз 2017» маусымындағы финал ойындары өтеді. 11 қараша күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев пен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен футзалдан финал ойындарының ашылу салтанаты өткен. Жарыстың Оңтүстік Астанада өтуі тегін емес. Алматы – жастардың, студенттердің қаласы. Бұл шаһарда Қазақстандағы жоғары оқу орындарының үштен бір бөлігі орналасқан. Топтық іріктеуден бастап финалдағы ойындарға дейін әр матч есте қаларлықтай ерекше болады. Жанкүйерлердің шуылы мен көңілді қолпаштауы, черлидерлердің биі, ойыншылардың кәсіби шеберлігі, қазылардың әділ шешімі Қазақстан студенттер футзалындағы ең ірі ойынды тамашалауға келгендерді бей-жай қалдырмасы анық. Жарысқа 21 команда қатысады. Олар: Қарағандының үш жоғары оқу орны, Шымкенттің, Астана мен Семей қаласының екі, Қызылорда, Ақтау, Орал, Көкшетау, Петропавл мен Талдықорганның бір жоғары оқу орнынан келген командалар. Жарысқа қатысатын команда саны жағынан Алматы қаласы алда тұр. Оңтүстік астананың 6 білім ордасы команда жасақтаған.Мини футболдан Студенттердің ұлттық лигасына екінші жыл қатарынан Қазақстан халық банкі жанындағы «Халық» қайырымдылық қоры демеуші болып келеді. Ресми серіктесі — HUAWEI. Бұл компания екі жылдан бері ойыншылар, көрермендер мен Студенттердің ұлттық лигасының әлеуметтік парақшаларындағы жазылушылар арасында құнды сыйлықтар ойнатып келеді. 2017 жылы мини футболдан әйелдер арасында Студенттер лигасының тұңғыш ойыны өтті. Оған республиканың төрт өңірінен тоғыз жоғары оқу орны қатысып, жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырған болатын. Студенттердің ұлттық лигасы аясында 2017 жылы колледждер лигасы басталған. Оған жарыстың өңірлік кезеңдерін қосқанда шамамен екі жүздей команда қатысты. Футзалдан финалдық кезең ойындары барысында черлидерлер арасында да чемпионат өткізілді. Біздің елдің қолдаушы бишілері Еуропа мен Азия командаларын артқа тастап, бірінші орын алды. 2018 жылы Алматыда 18-26 тамыз аралығында футзалдан әлем чемпионаты өтеді. Студенттердің ұлттық лигасы FISU мен Қазақстан студенттік спорты федерациясымен бірлесіп басты ұйымдастырушы болады. Студенттердің ұлттық лигасы 2016 жылдан бері Қазақстан футзал қауымдастығымен әріптестік орнатқан. Соның арқасында ойынға білікті қазылар шақыртуға мүмкіндік алды. Футзалдан Студенттердің ұлттық лигасы 2014 жылы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен құрылған. Қазір бұл ойын спорттың республикадағы ең танымал түрі. Бұған республиканың сегіз өңірінен 48 жоғары оқу орны команда қосып отырғаны дәлел. Биылғы ойынға жеті мыңнан астам студент пен жанкүйер қатысты.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев