Смирнов Анатолий Алексеевич
Ұлы Жеңістің 75 жылдығы да жақындап келеді.Уақыт өз дегенін жасайды.Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміздің қатары сиреп барады.Соғыс адамзат баласын біріктірді.Олар бейбіт өмір үшін қасық қаны қалғанша күресті.Бүгінгі бейбіт күнге жеткізген майдангерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды.Сол сұрапыл соғысқа жерлесіміз Ұлы Отан соғысының ардагері Смирнов Анатолий Алексеевичте 1942 жылы аттанған екен.
Смирнов А.А 1926 жылдың(құжатында 1925 ж.) 21 сәуірінде Вологодск облысы,Пришекснин ауданы,Никольской ауылында дүниеге келді.1942 жылдың 11 қазанында Вологодск облысы,Пришекснин ауданының әскери комиссариятынан Қызыл Армия қатарына шақырту алып,17 жасында соғысқа аттанды.Алғашында 2 ай бойы мылтық атуды үйреніп,жаттығудан өтіпті.Соғыс уақытында № 43 әскери бөлімшенің,№257 атқыштар полкында шайқасты. Алдыңғы шепте жүріп оң жақ көзімен аяғынан жарақатталып Австрия ауруханасында емделді.Жазылған соң қайтадан соғыс шебіне аттанды. 1945 жылы Жеңіс күнін Прага қаласында қарсы алады.1946 жылға дейін әскер қатарында болады.
1-2 Украина фронты,Карель соғыстарын басып өтіп,Чехословакия,Австрия,Венгрия жерлерін азат ету жолындағы ерлігі үшін медаль ,ордендермен марапатталды.Әскери тапсырмаларды уақытында орындап, неміс шапқыншыларына жасаған қарсы шабуылдарда көрсеткен ерлігі үшін Ұлы Отан соғысының 2 дәрежелі «Қызыл Жұлдыз» ордені беріледі.Сонымен қатар «Будапешті босату үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі Германияны жеңгені үшін» және көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталды. 1947 жылы Смирнов А.А әке-шешесімен Мартыновка (қазіргі Жалтыркөл) ауылына қоныс аударды.Сол уақытқа дейін ағасы Василий 1943 жылы Ленинград түбіндегі шайқаста қаза болды және үлкен ағасы Михаил 1946 жылы соғыста із-түссіз жоғалып кетті.Анатолий 1946 жылы елге аман-сау оралып,үй іші қуанышқа кенеліпті.Ауылдағы қызу еңбектің ортасында механизатор болып жұмыс істей бастады.Тың игеру жұмыстарынада белсене қатысып мақтау қағаздары,бағалы сыйлықтар,медальдармен марапатталды. Отбасын құрып ,тату- тәтті өмір сүрді 6 баласы болды,одан 20 немере,4 шөбере сүйді.Ауыл тұғындары бұл отбасын әрқашан үлгі тұтады.Ол кісі көзінің тірісінде балаларына бар білгенін ,ақылын аямай санасына сіңіруге тырысатын.Смирнов А.А 77 жасқа жеткен кезінде,2002 жылы 9 мамырда бұл дүниеден мәңгілік сапарға аттанды.Оның есімі Жалтыркөл ауылындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіште мәңгіге жазылып қалды.Ұрпақтары атасын әрқашан мақтан етеді. «Майдан шебінде жанын құрбан еткен жауынгерлер мәңгі есімізде қалады. Отан үшін отқа түсіп, Жеңіс сыйлаған ардагерлерге тағзым етеміз. Сұрапыл да жойқын соғыста қыршынынан қиылған жауынгерлер есімі ел есінде мәңгі сақталады» -деген сөздер әр оқушының жүрегін елжіретіп, өзінің еліне, жеріне деген патриоттық сезімдері жайлы ойландыруға жол ашты деп сенеміз.
Жалтыркөл ауылының кітапханашысы: Мукишова Г.М
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев