Адрестік әлеуметтік көмек келесі түрде көрсетіледі: еңбекке жарамды мүшесі бар аз қамтылған отбасыларға және жалғызбасты немесе жалғыз тұратын аз қамтылған еңбекке жарамды азаматтарға шартты ақшалай көмек түрінде, егер олар жұмыспен қамту шараларына қатысса және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімделуден өтсе; сондай-ақ, шартсыз ақшалай көмек түрінде беріледі.
– Сонымен қатар, өңірде жергілікті өкілді органдардың шешімімен қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетіледі, – деді Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Максим УСТИНОВ.
Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге 5 млн теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек беріледі. Бұған дейін бұл төлем 1,5 млн теңге болатын. Қазіргі уақытта Қостанайда 10 соғыс ардагері тұрады. Тыл еңбеккерлеріне 50 мың теңгеден төленеді.
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев