Көкшетауда бір жақсы жігіт бар. Кәсіпкер. Сол кісімен той-томалаққа қатысты араласып тұрамыз. Бірде құрбан айттан кейін жолығып біраз әңгімелестік. Сонда былай дейді: "Былай қарасақ бізде бәрі жақсы сияқты. Алайда қазақта қайыршы көп. Мен саған көшедегі бомждарды айтып тұрғам жоқ, олар қайыршыға жатпайды. Жалпы қазақтың хәлі мүшкіл, жалпы қазақ қайыршы! Біз өткенде ораза уақытында бірқатар жағдайы төмен отбасыларға көмектестік. Әкімшілікте тіркеуде тұрғаны бар, көріп жүргеніміз бар, өте көп. Менің жігіттерім бір ай бойы күніне 5-6 отбасыға шамамен 30-35 мың теңгенің азық-түлігін апарады (мысалы 5 кг ет, 3 кг күріш т.б деген сияқты). Сонда айтулары бойынша көрмегендері жоқ, жағаларын ұстап келді. Мәселен, бір үйге кіргенде есік ашқан үй иесі -әйел тура мағнасында айтқанда жынды болып қалған. Ойлашы, 100 мың емес, 200 мың емес бар -жоғы 30 мыңның азық-түлігіне сондай күйде болған. Есалаң сияқты күле берген, сосын жылаған. Жігіттер де түк түсінбей аңырып қалған ғой, тел.нөмірлерін қалдырып кеткен. Екі күннен соң әлгі әйел өзі хабарласты, сөйтсе жағдай біз ойлағаннан да сұмдық екен. Қысқасы былай - әлгі әйелдің бес баласы бар екен. Байғұстар 3 күн бойы тамақ ішпеген. Сол күннен бір күн бұрын әйтеуір бір жерден кішкене ғана пшеничный крупа ма бірдеңе тауып әкеліп енді соны майсыз суға пісіріп берейін десе газ баллоны бос қалыпты, газы да біткен екен. Күйіп кеткені сонша, бейшара әйел аш балаларды ұйқыға жатқызып, түні бойы еңіреп жылаған, "мен балаларымның бұлай аш жүргенін көргенше, өлгенім дұрыс" деп, осы шешімге тоқтап, біржола өлуге бекінеді ғой. Таңертең балаларды алдап-сулап сыртқа шығарып жіберіп өз-өзіне қол жұмсамақ болып қолына пышақ алып кухняда жылап отырған уақытында есікті тарсылдатып біздің жігіттер кіріп барған. "Құдай бар екен ғой" деп, өзі еңіреп жылап отырып айтқанда аза бойың - қаза болады. Ал, енді не дейсің, Қуаныш?! Бұл біздің көргеніміз ғана, ал, көрмей жатқанымыз қаншама?!Есімін айтпай-ақ қояйын, ол кісі жұртқа сондай жақсылық жасап жүргенде де аты-жөнімді айтпаймын дегені бар. (Бір ауыз сөзін өзгерткенім жоқ таза шындық, Құдай куə!
Авторы белгісіз
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 19