"Сардар" фильмі
Жыл: 2003
Қазақстан, Қытай
Режиссер: Болат Қалымбетов
Жанр: драма, тариха фильм
Фильмнің оқиға желісі XVIII ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығы кезінде өрбиді. Құлжа мен Ақберді есімді екі дос бір ауылда туып-өседі. Қазақ жеріне аты тараған айбынды қазақ батыры Құлжаның әкесі Қангерей жоңғарлардың тұтқынына түседі.
Ержетіп, бойларына күш-қуат жинаған екі дос Қангерейді тұтқыннан босатып, жоңғарлардың қоластындағы жаһан даланың тәуелсіздігі үшін күресуге бел буады.
Кинематографиялық туындыларға арналған «Бәйтерек – 2004» байқауында «Сардар» фильмі «үздік операторлық жұмыс», «үздік суретші» номинациялары бойынша және режиссер Болат Қалымбетовтың өзі әділқазылар алқасының арнайы жүлдесімен марапатталды.