"Екі ішектің бірін қатты, бірін сəл-пəл кем бұра.
Нағыз қазақ-қазақ емес,
нағыз қазақ-домбыра!
Білгің келсе біздің жайды,
содан сұра тек ғана:
Одан асқан жоқ шежіре ,
одан асқан жоқ дана!"
(Қадыр Мырза-Əлі)
Жарқын ауылдық кітапханасында "Домбыраның ғажап үні" атты музыкалық кеші өтті. Іс-шара барысында
"Ақсақ киік"
"Көңіл ашар"
"Көңіл толқыны"
"Күткенде"
"Талас"
"Финская полька" жəне тағы басқа да күйлер ойналды. Күй орындаушысы Омарова Айдана, Ермек Серкебаев атындағы музыкалық өнер колледжінің 2 курс студенті. Мақсаты:
Балаларды қазақ халқымыздың музыкалық мұралармен таныстыруды жалғастыру, оларды бұрынан келе жатқан күйлермен таныстыра отырып, оларды тыңдату. Халық аспаптарына деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар халық музыкасына деген құрметі мен құнды көзқарасын тəрбиелеу.


Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев