»❗
➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖
Гамбургер, чизбургер, шаурма, хот – дог, сэндвич, қуырылған картоп, чипсы осының барлығын біріктіретін сөз – ФАСТ-ФУД. Ағылшын тілінен шыққан бұл сөздің мағынасы fast «жылдам» және food «тамақ», яғни тезарада дайындалатын тамақ. Бірақ, тез әзірленгенмен оның адам ағзасына еш пайдасы жоқ. Дәрігерлердің айтуынша фаст-фудпен тамақтануға болмайды. Ондай тағамдардың калориясы өте жоғары, майлар мен консерванттар құрамы көп болғандықтан, дәрумендері мүлдем жоқ.
Өкінішке орай, қазақстандық жастар арасында фаст-фудты ұнататындар саны тыйылар емес. Фаст-фудты ауылдағы дүкендерден ірі қалалардағы сауда мен ойын-сауық орталықтарында сатады. Кей адамдар фаст-фудты 3-4 айда бір рет жесе, енді біреулер күнделікті немесе күнара сатып алады. Ақырғысының көбі оқушылар мен студенттер. Гамбургер немесе фри – кортобын жеумен қатар, газдалған тәтті сусынмен шөлді басу тіпті дұрыс емес. Түрлі дәмдеуіштер қосылған бұл тағамдар жастардың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Осылай тамақтанудың арқасында асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пайда болатыны, әсіресе ас қорыту жолдарына өте зиян екені анықталған. Сонда да фаст-фудты сүйгіштер қатары азаяр емес. Олардың арасында қалталы азаматтар да кездеседі. Десек те, бұны құмарлық деп атауға болатын сияқты.
Жақында американдық ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде, өте жоғары температурада дайындалатын тағамдардың құрамынан адам денсаулығына өте зиянды «акриламид» деген зат табылған. Шаурма, донер-кебабтарға қоса гамбургер, хот-дог, гриль, поп-корн, чипсы, картоптан жасалған фри, қақталған шұжық секілді тағамдар өте жоғары температурада дайындалады. Сол себепті аталмыш тағамдарды барынша қолданбауға тырысыңыз. Бүгінде осы тамақ түрі штаттарда кең етек алуы америкалықтардың күрт семіруіне әкелді. Америка ауруларды бақылау орталығының есептеуінше, семіздіктен жылына 248 мың адам өмірімен қоштасады екен. Сондықтан да балаңызды фаст – фудтан аулақ ұстағаныңыз жөн. Осы арад адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Бұл дегеніміз, құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақытында қамтамасыз ету.
Үйдегі тоңазытқышты көкөніс пен жеміс, сүттен жасалған тағамдарға толтырып, балаңызға жылдам әзірленетін тағамдардың зияны жайлы ескерту жасап тұруға ұмытпаңыз.
«Ауру - астан...» деген сөзі бекер айтылмаған ғой.
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев