🎧 🚫
Бүгінгі жаһандық заманында баладан қарияға дейін барлығы ұялы байланысты қолданады. Телефон адамның күнделікті өмірінің бір бөлшегіне айналған. Кейде үйде қалып қойған жағдайда, әлеммен байланыс үзілгендей көрінеді. Солай емес пе? Сондықтан қалта телефоны біреулер үшін жай ғана байланыс үшін қажет болса, енді біреулер үшін бұл байланыс та, интернет те, кино да, әуен де болып табылады. Ал егер сізде смартфон болса, міндетті түрде телефонның айырылмас құралы құлаққап (наушники) та бар болар.
Бүгінде құлаққап киіп жүрген жандарды жиі кездестіреміз. Көбі сүйікті әуендерін тындап жұмысқа немесе оқуға бара жатады. Бірақ құлаққаппен жүру денсаулыққа, соның ішінде адамның есту қабілетіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Егер сіз құлаққаппен жүріп әуен тындағанды ұнатсаңыз, әуеннің дауысын шектен тыс ұлғайтпауыңыз жөн. Себебі, адам сыбырлап сөйлегенде 20 децибел мөлшерінде дыбыс шығарады, ал жай сөйлегенде оның өлшемі 30 – 35 дБ болады екен. Ал адам айқайлаған кезде 60 дБ құлаққа әсерін тигізе бастаса, 90 дБ құлаққа жағымсыз және қауіпті болып есептеледі. Сонымен қатар қысқа қатты дыбыс құлаққа кесірін тигізбесе, ұзақ уақыт бойы қатты шығып тұрған әуен тындау құлақ үшін ауыр сынақ екенін ұмытпаңыз! Бұл жайт, алыс жол жүргенде ыңғайлы деп бірнеше сағат немесе одан да көп уақыт бойы құлаққапты шешпейтін адамдарға қатысты.
Қазіргі уақытта барлық смартфондарда өте ыңғайлы перне қызметі ойластырылған. Егер адам әуеннің дауысын шамадан тыс ұлғайтатын болса, телефонның дисплейінде ескерту терезесі шығады. Бірақ та біреулері ескертуді дұрыс деп білсе, кейбіреулері ары қарай әуеннің дауысын қоса бастайды. Әлемде өз дауысын естуді армандап жүрген жан қаншама, ал біз барымызды сақтауға тырыспаймыз...
Құлаққаппен ән тындауды сүйетін жастар!
Бір сағаттық әуеннен кейін құлақ демалуы тиіс екенін ұмытпаңыздар!
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев