Асау Барақұлы (1743-1843)
Дәуіт Асауұлы (1781-1868)
Аталардың туған жылдарымен қайтқан жылдарында қателік кеткенін енді біліп жүрміз. Соны Маңғыстаулық Нұрлан Құлбай ағамыз, аталардың көне құлпытастарын оқып дұрыстап көрген екен.
Сам құмы.
Асау батыр қорымы.
Табын руы, Шөмішті, Тоқал тайфасы Асау батыр Барақ батыр баласы опат 1263 сәна жүзде (100), 62 жасында баласы Дәуіт батыр қылдырды.
Айтайын дегенім Барақ-Асау-Дәуіт батырлардың нақты жылнамасы яки жасы, қайтқан жылы, туған жылдары құлпытастағы дәлелді жазуларымен айқындалып тұр. Неге туған және өлген жылдарын түзетпеске?
Мысалы: Асау батырдың құлпытасында 100 жасында 1263 хижра жылында опат болған десек, яғни кәзіргі жыл есібіне салсақ 1843 жылда қайтыс болған жүз жасында, демек 1743 жылы туылған. Ал Барақ батыр 97 жасында опат болған, қайтыс болған жылы өшіп қалған. Жобалап есептеуге болатын сияқты. Асаудың туған жылынан 1743 жылдан 18 жасты алсақ, сонда Барақ 1725 жылы туылады, оған 97 жасты қоссақ 1822 ж.дүниеден озады. Дәуіт 62 жасында әкесі Асауға құлпытас жасатқан 1843 жылы. Яғни Дәуіт 1781 ж.туылады.
Биыл Барақ батырдың 300 жылдық мерей тойын тойласақ нұр үстіне нұр болар еді.
Айтпақшы осы Асау-Барақ батырларға кино түсіріледі дегенді естідік, нақты даталарымен айтылса құба-құп болар еді.
Нұрлан Құлбай


Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев