Қостанайда бір жігіт қолына Ахмет Байтұрсынұлының суретін ұстап, “жастарға (студенттерге) суреттегі тұлға кім?”-деп сұрақ қойып, эксперимент жасаған екен. Сұраққа бейнебаяндағы жастардың жартысынан көбі жауап бере алмайды. Тіпті кейбірі Ахмет пен Абайдың аты-жөнін шатастырып, “Ахмет Құнанбаев” дейді. Жарайды, біз бұған күйінбейміз. Күйінетініміз мынау:
Қостанайда қаланың дәл ортасында жалғыз университет бар. Ол-Ахмет Байтұрсынұлының атында. Сұрақ сол маңайдан қойлығанға қарағанда, жауап берушілер де университеттің студенттері болса керек. Сонда, студенттер қандай университетте оқып жүргенін білмейді ме?
Әлде оқып жүрген универсиеттері кімнің атында екенін ойланып, суретін қарап көрмеген бе?
Біз, жастар дейміз… кей жастар өз тарихын білмейді, тұлғаларын қадірлей алмайды. Бірақ, қолдан жасалған тұлғаларға табынып өскен буын сондай болады. Кімге өкпелейміз? https://t.me/sadaq_zh
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев