Еңбегіңді еш етпейтінөмірде
Елің жұртың, ұл мен қызың бағалар
Аспанымдай мәңгі жаса құлама
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Бүгінде Раисовка ауылының тұрғыны зейнеткер Күлпаш Сүлеймен қызы Батталованың есімін біреу білсе, біреу білмес. Ол – кеңес одағы тұсында ауданның ауылшаруашылық саласының дамуына бір кісідей үлес қосқан жан. Кезінде сүттен сел ағызған озат сауыншылардың қатарынан көрінген еді.
Күнде таң атпай тұрып, қырық сегіз сиырдың астын тазалап, сиырды жайылым шөбімен азықтандыруды аздық етеді деп санап, туралған жоңышқа, жүгері сүрлемі, қоспалармен байытылған құрама жемін беріп «сыйырдың сүті тілінде» деп жай айтылған сөз емес ,мал азығы құнарлы болу керек сонда сүтті де көпбереді дейді . Кешкісін де осылайша сиырлардың жем-суын арнайы құрылғыға салып, сүтін сауып қараңғы түсе үйге қайтатынбыз. Ол кезде тынығу дегенді білмедік., тыным таппай жұмысты істей бердік, – деді, Күлшат аналарымыз мұнша күш-қуатты қайдан алған деп таңғаласың!
Өткен өмірі жайлы былай деп баяндайды Анам Зәрифа әкем Сүлеймен мен солардың тұңғышымын, 1951 жылдың төртінші ақпанында туғанмын, туған жерім Қаракөл , соғыстан кейін еліміз еңсесін енді көтере бастаған бірде бар, бірде жоқ жылдар болатын содықтан да болар 7 сыныпты бітіргеннен кейін 14 жасынан бүзау бағып еңбекке ерте араластым дейді. 17 жасында тұрмысқа шығап еңбектен қол ұзбеді ,бақша бригадасында жеміс өсіріп, қырманда астық аударып,әр салада жұмыс атқарды жеңіл жұмыс іздемеді , саналы ғұмырын еңбек даласында өткеріп, майталман еңбекқор бола білді 1980 жылдан бастап 1996 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін сауыншы болып жұмыс істеді, жай сауыншы емес «Озат сауыншы» болды .
Елі үшін қызмет еткен апамыз депутат болып сайланып, халықтың мүддесін қорғаған еді.Аяулы жан еңбекте аянбай тер төгіп бір неше рет озаттар слетіне катысты. Еңбек ете жүріп 8 бала тәрбиелеп өсірген Қазақстанның «Батыр анасы» атанып күміс және алтын алқа иегері. Ерен еңбегі үшін бағалы сыйлықтармен және Мақтау грамоталарымен марапатталды. Егемендігіміздің 25 жылдығына орай әкімшілік атынан Алғыс хат пен де марапатталды.
Еңбектің де, тұрмыстың да бар қиындығымен қатар, тағдырдың да ауыр азабын ерлікпен көтере білген, Батыр Ана Күлпаш апай аналық мейірбан жүрегімен: «Аллаға мың қайта шүкіршілік етемн. Қиын күндерден кейін жарқын заман туды. Ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Дініміз де оралды, діліміз де тазаруда. Ендігі арманым келешек ұрпақ бейбіт өмір аясында бақытты ғұмыр кешсін деп тілейді.
Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы , саналы ғұмырын Отан деп, тынымсыз еңбегімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан Күлпаш апайға төл мерекеңіз Қарттар күні құтты болсын !Ден саулығыңыз мықты болсын! дейміз.
Раисовка ауылдық кітапханасының кітапханашысы Шалабаева Е.Т.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 1