Предыдущая публикация
Іс-шарада кітапханашы балаларға ақын Жолбарыс қажы Баязидтің өмірі мен шығармашылығын таныстырып, оның қазақ халқына қалдырған мол мұрасы туралы кең мәлімет берді. Оқушылар Жолбарыс қажы Баязид, жерлес ақынның шығармашылығынан «Туған елім», «Көп сәлем жалпы қазақ баласына», «Төрт құдіретке тағзым етем» «Туған жерім», «Жүрек тербеп, шабыт рухы тасқанда» атты өлеңдерін жатка айтты. Шара барысында акынның сөзіне жазылған «Қыздарға әсемдік жарасады» әні орындалды. Басқатырғыш сұрақтары шешілді. Бейнероликтен ақынның көзі тірісінде өзі берген сұхбаты тындалып, кітап көрмесіне шолу жасалды.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев