00-ден - 14.00-ге дейін Теміртау тарихи-өлкетану музейінің алдындағы алаңда Халықаралық музейлер күніне орайластырылған «Жәдігер салтанаты» атты музей мерекесі өтеді. 11 жыл ішінде музей Жәдігер салтанаты деп аталатын авторлық жобаны іске асырып келеді. Жыл сайын біз қор заттарынан тақырыптық топтаманы таңдаймыз. Бұл жолы біз қонақтарымызды белгілі бір кәсіптермен байланысты музей топтамасымен таныстырамыз. Осыған орай, мерекенің атауы «Кәсіби алаң».
Музей алдындағы алаңның ортасында жеті топтама, жеті көрме аймағы орналасады. Заттар арқылы біз металлург, құрылысшы, дәрігер, әскери қызметші, аспаз, тігінші, қорықшы мамандықтарын ұсынамыз. Көрмеде бірегей жәдігерлер көрсетіледі - 1960 жылғы шойынның алғашқы құймасы, ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы құрылысшының қол арбасы, медициналық хирургиялық құралдар жинағы, кәсіби киімдер.
Мереке қонақтары экспозицияны көріп қана қоймай, 6 шығармашылық тақырыптық айиақтарды аралайды. Мұнда олар барлық кәсіби құпияларды біліп, кәсіби дағдыларды игеріп, аспазшы, автослесарь, экскурсия жұргізуші, фотосуретші, ағаш ұстасы, жаттықтырушы ретінде өздерін сынап көре алады. Орталық алаңда екі сағат ішінде зияткерлік - ойын-сауық бағдарламасы өтеді:
11.00 - 11.15 – мерекенің салтанатты ашылуы.
11.15 - 12.00 – Ғ. Жұбанова атындағы өнер мектебінің
оқушыларының қатысуымен өтетін концерт
12.00- 13.00 – интерактивті тақырыптық сайыстар
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев