📌90 жастағы Регина Бретт деген апамыздың өмірлік тәжірибесі төмендегідей:
✅Өмір әділ емес, бірақ шынымен де жақсы.
✅Күмәнданған кезде де алға қадам жасаған дұрыс.
✅Өмір өте қысқа, кек алу сияқты мәнсіз нәрселерге зая кетіруге болмайды.
✅Ауырған кезіңде саған жұмыс орның емес, туыстарың мен достарың қамқорлық жасайды.
✅Қарыздарыңды уақытында төле.
✅Қаласаң да, қаламасаң да бәрінің жеңімпазы бола алмайтыныңмен келіс.
✅Біреумен бірге жыласаң да ішің кеңіп қалады.
✅Алғашқы жалақыңнан бастап, әр жалақы сайын үнемдеп аз да болса ақша жинап үйрен.
✅Өткен өміріңді кешіру арқылы қазіргі өмірің жақсы болады.
✅Өзіңді басқа адамдармен салыстырма, олар өмірде талай нәрсені бастан өткерген болуы мүмкін, оны сен білмейсің.
✅Кез-келген құпия қатынастардан сақ бол. ✅Құпиялар жақсылық бермейді.
Бір сәтте бәрі өзгеруі мүмкін.
✅Терең дем ал, тынышталасың.
✅Әдемі және пайдалы деп атай алмайтын нәрселеріңнен еш өкінбестен тез құтыл. ✅Әрбір кедергілер, тіпті өлуге таяп әрең қалған қиындықтардың өзі адамды күшті де қуатты етеді.
✅Әрқашан бақытты балалық шақпен өмір сүруге болады. Бірақ осы «екінші балалық шағың» тек өзіңе байланысты.
✅ Төсек-орын жабдықтары мен іш киімдерің әрдайым әдемі сапалы маталардан болсын.
✅ Бірнәрсе дайындасаң артығымен дайында, қажет болып қалады.
✅Қартайған кезіңде түрлі-түсті киім кие алмай қаласың. Сондықтан батыл киініп үйрен.
✅ Сенің бақытыңа өзіңнен басқа ешкім жауап бермейді.
✅Барлығына және бәріне кешірімді бол.
Сен туралы біреудің не ойлайтыны маңызды емес.
✅Ештемеге уайымдама да алаңдама. Уақыт бәрін жояды.
✅Жақсы жағдай да, жаман іс те өзгереді.
✅Өзіңді тым байсалды қабылдама.
✅Керемет пен сиқырға сенуің керек.
✅Құдай, сені, сен оған бірдеңе жасағаның үшін емес, өзі Құдай болғандықтан жақсы көреді.
✅ Өмірді сонша терең зерттеудің қажеті жоқ.
✅ Қолыңнан келгеннің бәрін жаса да тыныш өмір сүр.
✅ Қартаю, жастай өлгеннен гөрі жақсы, сондықтан қарттықты бағала.
✅Сен үшін мағынасы бар барлық нәрсе сен сүйетін адамдармен және сен жақсы көретін нәрселермен байланысты болады.
✅Күн сайын таза ауада серуенде.
✅ Ғажайыптарды жер- жердің бәрінен де табуға болады.
✅ Егер өз проблемаларыңды үйіп қойып оларды басқалармен салыстырсаң, онда басқалардың үюлі тұрған проблемаларымен көрген бойда өз проблемаңды қайтарып алатының айдан-анық.
✅Қызғаныш деген ең ақымақ нәрсе.
✅Сенде қажеттінің бәрі бар.
Ымыраға келуді үйрен.
Ең жақсысы әлі алда деп сен.
✅ Жайсыз боп тұрсаң да киініп шық, адамдармен сөйлес.
✅Әдемі лентаға орап, гүл орнатқандай ың-шыңсыз өмір - бұл керемет сыйлық.❤️
А.Тойшыбай.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Комментарии 6