Бес күйеуге тиген келіншек - 4 .
Келген күні үйге көрші - қолаң , туған туыстар кеп улап - шулап жаттық қой . Бұл күні көргенім болмаса күйеуіммен жеке отырып сөйлесудің сəті түспеді .Түн ауа қонақтар кетіп екі қайын апаммен бірге араласып жатып қалдық . Келесі күні туған туыс қайта жиналып кішігірім отырысымыз болды . Əрі - бері өтіп қайтып жүріп болашақ күйеуіме көз қиығын тастап қарап қоямын , ол сорлыда үн жоқ . Не сөйлемейді не күлмейді , отырған жері өзінікі болған бір меңіреу . Мінезінің болып болғаны осы екен ғой деп ойладым .Тамақ дайын болғанда енем өзі барып шақырып келіп отырғызады екен . Мұны көріп көңіліме кірбің түсіп алаңдай бердім . Содан əрбір қимылына мұқият қарай бастад