Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде сайыскерлер мемлекеттік тілде өздерін таныстырып өтсе, екінші кезеңде ұлттық тағамды қазақ тілінде презентациялады. Үшінші кезеңде үш тілде
берілген викториналық сұрақтарға жауап беру болса, төртінші кезеңде өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетті. Әділқазылар алқасына төрағалық етуге Тілдер комитеті, ассамблея өкілдері, қалалық мәдениет үйінің әдіскері шақырылды. Команда өзге ұлт өкілдері арасында 1 мұғалім, 2 оқушыдан тұрды.
Барлық сындардан мүдірмей өткен сайыскерлер жүлделі орындарға ие болды. 3- орынды үш сайыскер бөлісіп алды. Олар:
«Достық» тобы (мұғалім: Цындоева В. А, оқушылары: Осина А. Ляпкало Я.); «Жұлдыз» тобы (Мұғалім: Вдовина О. Ю. оқушылары: Гаврилов А. Кореева Л.) «Шаңырақ» тобы (мұғалім: Коклимина Д.В. және оқушылары: Сагайдачная О, Лубенко Е.); «Болашақ» тобы (мұғалім:
Алимжанова Е.А мен оқушылары: Алагез А, Демирчян М.) және «Полиглот» тобы (мұғалім: Айсина Н.И. және оқушылары: Ускова Д. мен Сомасенко А. ) 2- орындарды қанжығаларына байлады. «Ынтымақ» тобы (мұғалім: Гайнуллина О.Ю. мен оқушылары: Чернышова Д., Авдеева Д.) 1- орынды алса, «Полиглот» тобы (мұғалім:
Тихненко Н.Н оқушылары: Ахтенберг А. Бикбаева С) бас жүлдені иеленді. Мектеп ұстаздары мен оқушылары белсенділік танытып,
қатысқандарының арқасында іс-шара жоғары деңгейде өткізілді. Барлық қатысушылар дипломдармен
және алғыс хаттарымен марапатталды.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев