Нұра кентінде 23-сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «Кітап-сарқылмас, рухани қазына!» атты мерекелік шара өтті.
Осы мерекеге Изенді үлгілі ауыл кітапханасы “Тапқырлар алаңы” атты инттелектуальды ойының өткізді.
Мақсаты:Жастарымыздың ой-қабілеттерін дамыта отырып, кітап әлеміне баулу..
#23сәуі#Дүниежүзіліккітапкүні#изендіүлгіліауылкітапханасы
Кітап апталығына орай Изенді үлгілі ауыл кітапханасында “Бәріміз бір кітап”атты дауыстап оқу сағаты өткізілді.
Мақсаты: Дауыстап оқу арқылы кітапқа баулу,қызығушылықтарын арттыру.
Іс-шараға Нұра жалпы білім беретін мектебінің 1-сынып оқушылары қатысты.
Изенді үлгілі ауыл кітапханасы, балалар кітап апталығына “Кітап-біздің досымыз”атты акциясын өткізді. Мақсаты: Кішкентай оқырмандарымызды кітапханамен таңыстырып, кітап оқуға баулу.
Кішкентай оқырмандарымызға кітап қайдан, қалай шығатыны , ккітапты қалай күтіп ұстауға болатыны туралы ақпарат беру.
Қатысқан Нұра орта білім беретін мектебінің 1-сынып оқушылары мен ұстазы Кыдырғанбееова Сандуғаш апай.
Кітап-асыл қазына ,кітап -білім бұлағы екенің түсіндірілді.
Кішкентай оқырмандарымызбен жұмбақ, мақал-мәтелдер, ертегі әлемдеріне де көз жүгіртік.
#nurabalalarkitapxana#nura_akimat
16 наурыз - Ұлттық мәдениет және салт дәстүр күні.
Изенді үлгілі ауылдық кітапханасы Наурыз мерекесіне орай 700 кітаптан тұратын киіз үй құрады. Іші осы наурыз мерекесіне арналып жабдықталып, оқырмандарымызға ұлттық құндылығымыз насихатталуда.
Киіз үй – ежелгі көшпелі өмір сүрген адамдардың жылжымайтын негізгі баспанасы.
Мақсаты: халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұлт құндылығын насихаттау.
Қазақ халқының көп дәстүрлері осы киіз үй шаңырағында өткізілетінін насихаттау.
@nura_akimat
@ovp-nura
#Наурыз2024
Изенді үлгілі ауыл кітапхпнасы Мәдениет үйімен бірлесіп Алғыс күніне орай “Адамгершілік-асыл қасиет” атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты:Адамның қоғамға жасаған жақсы істері үшін алғыс айту, Алғыс туралы ақпарат беріп, келген қонақтарымыздың ой-пікірлерін тыңдау.
Адамгершілік – адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі – оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді. Адамгершілік – адамның асыл қасиеті».
Алғыс күніне демеушілік көрсеткен Отарбаев Еламан Қанатұлына Алғыс білдіреміз.