Елбасы Н. Назарбаевқа!
ҚР Президенті Қ. Тоқаевқа!
Қ.Р Үкіметіне!
Қ.Р Парламентіне!
Қазақ халқына!
БОЛАШАҒЫНА БАЛТА ШАБЫЛҒАН ҰЛТ ЖОЙЫЛАДЫ
(Нақышбанди тарихатының Пірі Құрбанәлі Ахмед Ишанның мәлімдемесі)
Аса қамқор, ерекше мейрімді Алланың атымен!
Бәріңізге белгілі, алдағы күндері Парламент Мәжілісіне "Отбасылық-тұрмыстық, зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл" атты заң жобасы ұсынылмақ. Әлеуметтік желі бетінде талқылауға түскен аталмыш заңның алғашқы нұсқасы ә дегеннен-ақ халықтың қарсылығына тап болды. Бұл қарсылықты халықтың соңғы тұяқ серпуі деп қабылдауға болады. Себебі, қазақ халқы осыған дейін барлық зұлматтың түр-түрін көріп болды. Бір сөзбен айтқанда, көрмеген құқайы жоқ. Бәріне көнді. 70 жыл билік құрған кеңестік жүйе бізді діннен айырды. Дәстүрлі дінді сыртқа тебу әлі күнге дейін жалғасуда. Иман жүрегінде болған соң халық бұл теперішке де көнді. Ұлттық дәстүр тәркі етілді. Қыз-келіншектердің орамалы шешілді. Оған да көнді. Ол аздай енді билік біздік болашағымызға балта шабуға кірісті. Балта шабу емей немене, егер өскелең ұрпағыңды ұлттық құндылықтардан жұрдай етіп, өзінің ата-анасына, дәстүріне, әдет-ғұрпына қарсы тәрбиелеуді заңдылық тұрғыда қолға алсақ. Құдай-ау, атауының өзінен ат үркетін осындай да заң бола ма? "Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы" деген не деген сұмдық. Арғы-бергі тарихта қазақтың қай үйінде отбасылық зорлық-зомбылық болыпты?! Біз өзі: "Әке тұрып ұл сөйлегеннен без", - деп өскен ұлттың ұрпағы емес пе едік? Енді осы заң арқылы ата-анасының бетінен алатын ұрпаққа жол ашып бермекпіз бе? Олай болмайды. Біз оған жол бермейміз. Өз басым жанымды құрбан етіп, үстіме кебінімді кидім. Ұрпағымның діннен, ділден, қазақтықтан ажырағанын көргенше тірі жүрмей-ақ қояйын.
Әзиздер, біз әкеміз үйде отырғанда тамның төбесіне шықпаған халықтың өкіліміз. Енді сол ұлттық болмысымызды жоғалтып, ұл-қызымызды заң арқылы өзімізге қарсы қойып тәрбиелесек, ол ертең қалайша қазақ болмақ?! Сондықтан Батысқа тән өмірсалтын бізге тықпалаудың қажеті жоқ.
Біз бұл заңның астарында не жатқанын жақсы білеміз. Ол - ұлтсыздану; Ол - Тажалдың жетегінде кету. Тажал қазір кемеріне келді. Әлемдік жаhандану - Тажалға тән жалғыз көз. Еркектік текелі бейне мен әйелдік емшек - Тажалдың болмысы. Ол деген, Тажалдың қызтеке (гей) екенін әйгілейді. Сол қызтекелік қазіргі кезде жаппай заңдастырылуда. Сол сияқты қыз балаларға мектеп жасынан бастап жыныстық "тәрбие" беру де Тажалға тән саясат. Енді оған мына заң келіп қосылды. Коронавирус та солардың лаңы. Вакцинация да соған орай ойластырылған. Халық бәрін біліп отыр. Сондықтан да мен Тажалға қарсы жиhад жариялаймын. Егер кім де болсын Тажалға көмек қолын созса, оның жеті атасына дейін иманы күйіп, өзі тозаққа түседі. Тажалдың бір қолында жәннат, екінші қолында тозақ болады. Оның жәннатына алданғандар тозақтық болса, тозағына түскендер жәннаттық болады. Сондықтан да біз Тажалға қарсы күрестен бас тартпаймыз.
Қазір әлемдік деңгейде Тажалдың билігі салтанат құруда. Сондықтан қазақ билігінің тізгінін ұстаған ер-азаматтар, Тажалдың жетегінде кетпей, халыққа қарай бұрылыңыздар! Әлі де кеш емес. Ол үшін аталмыш заң жобасын Парламентке ұсынуды тоқтатыңыздар!
Всем Казахстанцем советую ради спасение народа поставить лайк одобрение фейсбуке запрета вакцинацие население , обрашение к Правительству Казахстана Шейха Курбан Али Хазрета, не зависимо какой он веры исповедание ради будущего Наших детей.!
Нет комментариев