Предыдущая публикация
АНАДАЙ АСЫЛ...
Тербетіп,
Қорғап,
Құрметтеп "ата" бесігін,
Мерейін төккен -
Жол сілтеп өмір есігін,
Ақ сүтпен жазған алтындап ұрпақ есімін,
Өзіне алған,
Кесірдің қилы кесілін,
Анадай асыл бар ма екен.
Төрт бөліп түнін,
Кеудесін кермеп пейілмен
Ананы көрген -
Бар әлем мұңнан сейілген.
Сегіз бір пейіш...
Бұйырсын орын Зейілден...
Ұрпағы үшін жаралған жаны мейірден,
Анадай асыл бар ма екен.
Басынан сипап,
Мінезін ұлдың түзеткен,
Анадай ана...
Үйреткен қызды ізетпен.
Немере деген...
Ерке бір жолдан жүз өткен,
Әкеңе бедел...
Қабағын арда күзеткен,
Анадай асыл бар ма екен...
Авр//У.Қасымхан...🌹
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Комментарии 5