«Отты жылдардың даңқы өшпейді» Құрметті оқырмандар! Әмбебап оқу залында Ұлы Отан соғысына арналған «Отты жылдардың даңқы өшпейді» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде соғыс және тыл батырлары туралы жарқын естеліктерді сақтауға, олардың ерліктеріне лайық болуға шақыратын кітаптар ұсынылған. «Жеңіс! Победа!» фотоальбомы қазақстандық батырлардың, тыл еңбеккерлерінің мұрағаттық бірегей фотосуреттері мен соғыс кезіндегі деректі материалдардан тұрады. Сағадат Нұрмағамбетовтің «От огненных лет до суверенной армии» кітабы Қазақстан Қарулы күштерін құру мен қалыптастырудың қиын кезеңін сипаттайтын майдангердің, майдан даласында жауынгерлердің жанында болған генералдың естелігі болып табылады.
«Ана – тіршіліктің тірегі» Құрметті оқырмандар! Әмбебап оқу залында Аналар күніне арналған «Ана – тіршіліктің тірегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде басты кейіпкерлері аналар болып табылатын әдемі туындылар ұсынылған. Оқырмандар М. Омаровтың «Ана ғұмыр», М. Мерекеновтың «Ана махаббаты», Г. Сейітжанның «Ана жырлары» кітаптарымен таныса алады. Осы туындылардың барлығында аналар өздерінің сүйікті және туған балаларына көмектеседі, оларды құтқарады, жұбатады, қамқорлық жасайды және қорғайды. Көрме бір ай бойы жұмыс істейді. #гидқазақстанға#гидпоказахстану _______________________ «Мама – опора жизни» Уважаемые читатели! В универсальном читальном зале ко Дню матери оформлена книжная
«Өлді деуге бола ма, өлмес өлең жазғанды» Құрметті оқырмандар, Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімі назарларыңызға көрнекті ақын, Қазақ КСР халық ақыны, жерлесіміз Омар Шипиннің туғанына 145 жыл толуына арналған «Өлді деуге бола ма, өлмес өлең жазғанды» виртуалды акциясын ұсынады. Назарларыңызға Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК оқырманы Жанғабылова Айнұр оқыған Омар Шипин өлеңінің бейнежазбасын ұсынамыз. #гидқазақстанға#гидпоказахстану __________________________ «Пока живут стихи, живут поэты» Уважаемые читатели, отдел краеведческой литературы КОУНБ имени Л. Н. Толстого представляет вашему вниманию виртуальную акцию «Пока живут стихи, живут поэты», приуроченную к 145-лети
Видеодосье «Календарь литературных юбилеев май 2024 года» Уважаемые пользователи! Отдел хранения основного фонда представляет вашему вниманию видеодосье о казахском и советском общественном деятеле, педагоге, публицисте, прозаике, поэте, писателе, драматурге, основоположнике и классике современной казахской литературы Жансугурове Ильясе, посвященное 130-летию со дня рождения. Для просмотра перейдите по ссылке: https://youtu.be/51G6Wb8m9uw #гидқазақстанға#гидпоказахстану
«2024 жылғы мамырдың әдеби мерейгерлер күнтізбесі» бейнедерекнамасы Құрметті пайдаланушылар! Негізгі қорды сақтау бөлімі назарларыңызға қазақ және кеңес қоғам қайраткері, педагог, публицист, прозашы, ақын, жазушы, драматург, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы және классигі Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл толуына арналған бейнедерекнаманы ұсынады. Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://youtu.be/7YVCraQe0Zw #гидқазақстанға#гидпоказахстану