(әкеміз Серікбай мен анамыз Мафруза рухына арналған)
автор Масғұт Серікбайұлы Нұрмағамбеттегі
Жүрек сыздап, әлденеге құлазып,
Сәби кезгі естелікке құлады:
... Қызыл Тауда, Аласақал* басында
Әкем неге осыншама жылады?
Жылады да көзін сүртіп күрсінді,
Елестетіп көзге тарих дүрсілін:
Ашаршылық шалғы сермеп өткенде
Аямаған өңірінде тірісін..
...Жатса дағы Аласақал ауырып:
«Рұқсат бердім, жалғыз тұяқ, жан ұлым!
Жамал* - Нұржан* болады ғой қасымда –
Болмас енді саған тұрақ ауылың!»
Керекуге жетті әкем сол жылы
Бірақ онан таба алмады қортынды,
Ресейіңнен бірақ шықты жас жігіт -
Кемеровке апарды топ толқыны.
Қызыл Тауда аунағаны көк кілем,
Туған жерден алған еді пәкті дем,
Жат Ресейде амалсыздан жас қазақ
Түсті тамұқ - қара көмір шәктіге.
...Нағашы атам, жүргенінде мың айдап,
Екі мәрте кәмпеске кеп талқандап
Мәшһурә* мен Мафрузадай қыздарын
Табыс қыпты Оразханға* жаутаңдап...
Кетті айдалып – Ата-жүрек жалаң сыз,
Оразханды жұтты Соғыс хабарсыз...
Нағашы Ата, қайран Аға, шаһиттер,
Мәйттеріңді қайдан іздеп табармыз...?
Ірге құлап, шаңырақсыз ауылда
Жас балапан дірілдейді дауылда,
Қаңғып кетті, Ресей кетті жас дәурен,
Жаутаң қағып қалмай босқын қауымнан.
Ленинск-Кузнецк кеншілердің қаласы,
Жүріпті онда жас босқындар жарасып
Серікбай болса Қызыл Таудан - Баяннан,
Ал, Мафруза Бесқарағай саласы.
Тағдыр өзі жастық шаққа елжіреп,
Екі жасты қосты Аспаннан Ақ Тілек,
Тұңғыш ұлды «Мақсұт» атпен атады,
Бірақ тұрды тағдыр сынмен бақ тілеп.
Көп өтпеді келді тағы бір апат:
Көтерілді соғыс өрті алапат!
Отан қорғау жолына әкем аттанды -
Қызыл әскер: шинель, етік, автомат.
Ұлы шайқас, адам басы доп болды,
Алдында ажал, жарық күні от болды,
Жас жігітің Сталинград түбінде
Оққа ұшты - жарты дене жоқ болды!
Есін жиды: госпитальда, Уралда,
Бір аяқ жоқ! «Енді өмірде оңамба?»
Бірақ жары Мафрузаның жүрегі
Қосты әкемді қайта өмірлік қоғамға.
Сенді солдат, бас көтерді, ширады
Кемтарлықтың өртіне де шыдады,
Бала өсіріп, сатушы боп ләпкеде
Өзін өзі құрыш болып сынады.
Қабағында қаһардан бір із бардың,
Кейде жылы жүзі, кейде ызғарлы
Қолда таяқ, аяғында протез
Білдіртпеді-ау аяғының сыңарын!
«Ақсақ Серікпай» деген сөзге мен жүдеп
Жүрдім соған намыстанып, елжіреп,
Аянышпен көргенде әке жүргенін
Бір аяқпен, бір таяқпен жер тіреп...
Соғыс жылы үлкен де аш, бала да,
Нан бөлісте керек-ақ бір жан таза.
«Осы бала иманжүзді екен!» - деп
Тапсырыпты нан безбенін Анама.
Қандай сұлу едің қайсар Анашым,
Қандай әділ еді жүрек таразың,
Соғыс жылы елге нанды аямай,
Өзіңе тек ұнтақтары қалатын...!
Өр Найманның қызы болып нұрланып,
Бар Күлікті төңірекке жинадың,
Құр қалған жоқ сыбағаңнан көрші де,
Алыс-жақын бәрі өзіңді сыйлады.
Сегіз бала тәрбиелеп өсірдің,
Жантемір* мен Амандық* та көсілді,
Бақытжамал*, Ырымжамал* төріңде
Оларды да бастан сипап өсірдің.
Мақсұт* ұлың, аққан Жұлдыз көктегі,
Өнерімен гүлдендірген көп демін,
Жарқын мінез, әсем даусы кірпияз,
Ақ баяны суарды әнге көктемін.
Таңсық еді оның ән мен күйіне,
Мектеп болсын, Мәдениет Үйі де,
«Мақсұт» деген кеншілердің музасын,
Елі сыйлап шын жүректен сүйді де.
Тағдыр бірақ, тосты тағы тәлкегін,
Тауысып бір алмағандай бар кегін,
Отыз бесте кетті Мақсұт келмеске,
Төрт баламен қалды жылап жас келін.
Сол қайғыдан шайқалып-ақ тұр едім,
Бірақ, Ана жігері ұлы пір еді,
Жетпістегі қарт Әкемді жетелеп,
Отыздағы мені де кеп тіреді.
Ой-хой, Ана! Қандай еді жігерің?!
Жетті Аллаға өзің айтқан Тілегің!
Аспан жерге құлар ма екен деп едім –
Аспанды да келіп өзің тіредің!
О, Құдірет, жетер ме айтқан арызым!
Күн болар ма өтелетін парызым!
Мен Меккеге апара алмай арқалап
Ана алдында қалып қойды-ау қарызым!
Әулиесің! Мафруза-Ана, тұлғасың!
Қасиеттеп өзіңді өтер бұл ғасыр!
Бұл өлеңім аңыздардың тек басы
Шөпшектерің айта берер жалғасын!...
Масғұт Нұрмағамбетов
Астана. 12 – 14 маусым, 2021ж.
Аласақал* — біздің көріпкел, әулие, бақсы және халық емшісі болған Нұрмағамбет атамыздың халық қойған есімі (сақалының тең жартысы қара, тең жартысы ақ болғандықтан)
Мәшһүрә* — менің Мафруза анамның туған апасы(әпкесі)
Оразхан* —анамның туған ағасы соғыста қайтыс болған,жерленген жері белгісіз.
Бақытжамал* мен Ырымжамал" — менің Мафруза анамның жалғыз ағасы Оразханның қыздары. Оразхан аға соғыста қаза тапты. Ал жұбайы ауырып қайтыс болды,сосын осы екі кішкентай жетім қалған қыздарды менің ата-анам асырап өсіріп,сүйгендеріне тұрмысқа берді.
Нұржан * — әкемнің жездесі (жалғыз апасының (әпкесінің жан жары)
Жамал* — әкеміздің жалғыз апасы (әпкесі)
Жантемір*, Амандық* — әкемнің апасы (әпкесі) Жамалдың ұлдары (сосын Аллажар мен жалғыз қызы Аққушын болды).
Мақсұт* — біздің үйдегі 8 баланың ең үлкені, ата-анамның тұңғышы, 35 жасында дүниеден өтті (астма —демікпе дертінен)
Осы есімдерді түсіндіріп жазған себебім — мен туып өскен жердегі жерлестерім,
таныстарым кейде сұрайды осы адамдар сендерге қалай туыс болып келеді деп. Көп жерлестерім менің "Одноклассник" сайтымда достықта.
Ата-аналарымыз бен бабаларымыздың тағдырларын жазу — бұл біздің олардың алдындағы ұрпақтық парызымыз.
Әкеміз Серікбай 1908-1980ж.ж.(шын есімі Мұхаммед-Ғалі).
1922 жылы Совет үкіметі құрылып адамдарға құжат(документ) беріліп жатқанда большевиктер Мұхаммед деген —діни есім, сондықтан құжатқа (документке) басқа
есім жазу керек деген соң атамыз жалғыз ұлы осы есім үшін қудалауға түспесін деп Серік деген есімді атайды. Документ толтырушы "бай" деген есімді қосып жазады әкеміз бай әулеттен болғандықтан. Атам сонда жас өспірім жалғыз ұлына шын есіміңді ұмытпа, ал қудалауға түспес үшін екінші Серікбай деген есіммен жүр деп тапсырды. Серік дегенім — саған Алла Тағала мен періштелер, ал кейін мен өмірден өтсем менің аруағым саған, кейінгі ұрпақтарыма серік болып сені, ұрпақтарымызды жаудан қорғап жүрсін дегенім. Мәңгі қорғап жүреді - осыны есіңе сақта! — депті.
Қазақ халқына төнетін Ең Үлкен Ашаршылықты алдын ала болжап көрген көріпкел, әулие, бақсы Нұрмағамбет атамыз жалғыз ұлы, яғни біздің әкеміз Серікбайды(Мұхаммед-Ғаліні) шақырып алып айтады: "Балам ауыр күндер келе жатқандай — болжауымша Сұрапыл Ең Үлкен Аштық келе жатқандай ! Өте көп адамдар қырылады. Сен — менің жалғыз ұлым болғандықтан тұқым жалғастыруың керек" — деп, әкемізге аштықтан аман қалу үшін Павлодарға (Керекуге) бару керектігін айтады. Бұл —1929 жыл еді ... Осылай тірі әкесімен қоштасып, өзінің ата-анасын жалғыз апасы (әпкесі) Жамал мен жездесі Нұржанға тапсырып Серікбай әкеміз Павлодар қаласына аттанады. Сонда небәрі 21-ақ жаста ғана еді. Кейін нағыз сұмдық аштық басталғанда Павлодарда да бір жапырақ нан үшін телміріп жүрген босқындар саны көбейеді. Солардың арасында талай қасіретті көріп, өліп жатқан адамдарды көріп, жанында бір туысы жоқ әкеміз амалы таусылған соң, әрі әке аманатын орындау үшін (тірі қалып, ұрпақ жалғастыр деген сөзін орындау үшін) Ресейге кетіп бара жатқан товарняктың (поездің) үстіне шығып Кемерово облысының Ленинск-Кузнецк қаласына келеді. Солай жап-жас қазақ жігіті өмірмен арпалысып жүріп, жұмыс іздеп, ақыры шахтер болып жұмысқа орналасады. Сол қалада әкеміз аштықтан әкесімен, өгей шешесімен,ағасымен, апасы(әпкесімен) аман қалуға барған Мафруза анамды кездестіріп үйленеді.Анам Мафруза туған анасынан тым ерте айрылған, ал әкесін "халық жауы" деп атып тастайды. Ал анамның әпкесі ресейде семейлік жігітке тұрмысқа шығып, үйленген ағасы жанұясымен бәрі Қазақстанға оралады. Менің де әкем анаммен Павлодар қаласына қайтып келеді. Сонда естиді ата-анасының қайтыс болғанын. Әкем өте қатты жылапты өз қолымен ата-анасын жер қойнауына тапсыра алмағанына (жерлей алмағанына) және өте ақылды да,көрікті сүйген жарын (біздің анамызды) ата-анасына көрсетуге үлгірмегеніне қатты өкінеді. Мәңгі жазылмас осы ауыр жараны Серікбай (Мұхаммед-Ғалі) әкеміз өмірінің соңына дейін арқалап өтті...
Көріпкел атамыз нағыз аштық басталғанда қызы Жамал мен күйеу баласы Нұржанға да ауылдың жүре алатын адамдарын алып қай тоғайға, орманға барып, аң атып жан сақтап қалуға болатын жерді көрсетіп айтады, қызыл әскер бара алмайтын жерді көрсетіп. Өйткені большевиктер аң аулауға да тыйым салған. Аң аулаған қазақтарды қызыл әскерлер өздері өз қолдарымен атып тастаған туралы анық деректер бар. Әкемнің жалғыз апасы (әпкесі) Жамал өте мерген болған, жас күнінде ауылда ат үстінде шабатын шабандоз болыпты, "Қыз қуу" деген ұлттық ойын ат бәйгесінде ешкім апамыздың атының шаңына да жете алмайды екен. Солай әкемнің жездесі мен апасы (әпкесі) да аштықтан аман қалады. 1941-ші жылы жаз айында ата-анамның тұңғышы Мақсұт ағамыз дүниеге келеді. Ал сол 1941 жылдың күзінде соғыс басталып, әкемізді соғысқа алып кетеді. Әкеміз Сталинград түбіндегі қанды майданда, сұрапыл ұрыс алаңында 1942 жылдың 27 қаңтарында ауыр жараланды. Урал госпитальінде бір жыл өте ауыр халде өлім үстінде жатады. Ауыр жараланған аяқты аман алып қалу үшін бірнеше ота (операция) жасалады. Бірақ гангрена бүкіл аяғына тарап кеткендіктен дәрігерлер бір аяғын сан түбінен түгел кесіп тастайды және денесінің басқа жерлерінен көп оқтар алынып,жараның орны әбден жазылғанша госпитальде 1 жыл емделеді. Бір аяғынан айырылып, денсаулығын жоғалтып әкеміз 1943-ші жылы үйге оралады. Мүгедек болса да , денсаулығы нашар болса да өмірінің соңына дейін еңбек етті. 8 баланы(2 ер бала мен 6 қызды) тәрбиелеп өсірді.
Осының бәрін жазып жатқан себебім жастар білсін дегенім. Өмір қандай қиын болса да арпалысып, жеңіп шығу керек ештеңеден түңілмей, жаман жолға түспей..Осы жарық дүниеге келген соң өмірдің өте қатал заңына бағыну керек!Осы өмірге адам болып келген соң, сол адам қалпын жоғалтпай ана дүниеге адам болып кету керек деген сөз!
Алла Тағала соғыс зардабын көрсетпесін! Еліміз тыныш, Отанымыз аман болсын мына жіңішке жіп сияқты үзіліп тұрайын деп тұрған тұрақсыз қауіпті заманда!!! (Баян Серікбайқызы Нұрмағанбеттегі)
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Комментарии 24
Мына видеороликті әкемнің немересі Дармен Шырақбекұлы Аментаев атасы Серікбай (Мұхаммед - Ғалі) рухына арнап шығарды.
Нұрмағанбетова Баян
Серікбайқызы
Әке деген ұлы сөзді ақтаған,
Алғысымыз көп қой сізге айтпаған...
Жеңе білдіңіз бар салмағын өмірдің,
Бейнетіңіз жақсы ұрпақпен ақталар.
Өміріңізге тағзым ету біз парыз,
Қан майданда ажалменен алысқан.
Көз алдымда терең ойда тұрғаның,
Еске түсті - ау ауыр соғыс жылдары . . .
Сұм соғыстан оралдыңыз аяқсыз,
Сау адамнан қалыспадыңыз уайымсыз.
Қаншама тер төктіңіз әке біз үшін,
Біз деп соққан әкелік зор жүрегің.
Балалықпен асыр салып білмеппіз,
Қаншама жүктің мойныңызда тұрғанын.
Бір ұядан сегіз бала ұшыру,
Оңай емес із қалдырған соғыстан . . .
Ер жеткенше пана болдыңыз Әкетай,
Өмір бойы еңбек еттіңіз жалықпай.
Енді орныңыз төрінде ғой жұмақтың ,
Ұрпақтарыңыз бас иіп тұр Әкетай.
.
Алғысымыз көп қой сізге айтпаған ...
Масғұт Нұрмағанбетов
О, анашым! Патшасы едің мерейдің!
Сағым-сәтте көңілімді елей бір,
Иіскеуші едің маңдайымнан «Құлыным!» -- деп,
Жүрседе өмір жүгі өзіңді тежей бір!
Текті байдан туып тентек болмадың,
Жастайыңнан жетім қалып сорладың!
Қос бұрымды жетім қыздың зарлы үні
Жібіте алмас тасты жүрек орданы...
«Бай баласы» деген таңба-тастүйін,
Түсініп ед жетімдердің қай күйін?
Босқындармен Ресей шығып кеткенде.
Түске енуші ед Бесқарағайдағы үйің...
Тамырыңда текті қаның телмірмей
Теуіп шықты пасықтыққа жеңгізбей.
Ата ойы ана сүтпен сіңірген
Айналды ақыл-жігер нұрға теңіздей!
Еңіреген кезге жігер алғызбай,
Елге оралып Майқайыңға қар-мұзда,
Бар Күлікті біріктіріп ел қылдың
Өр Найманның дана қызы Мафруза!
Астана
12 желтоқсан 2019 жыл.
Әулие Нұрмағамбет Атамыздың
Ұрпағы Серікбайдың тарландары.
Күлік руының ішіндегі мақтанышы
Екі ағам болды мықты арландары.
Ақыл-ой парасатымен таң қалдырып
Сегіз қырлы бір сырлы болды қасиет.
Әйел бақытын сыйлады жұбайларға
Ағаларыма сүйсінді ғой ел тамсанып.
Жастық шақта жалын боп жалындады
Әулетіміздің шарықтауын армандады.
Өмірлік мәңгі өшпейтін шырақ жағып
Ағаларым жинады ғой жақсы аманат .
Жастық шақта сымбатты да көрікті де
Болды олар жігіттің серісі мен төресі де.
Дос- жаранға адал болған ағаларым
Іздеріңмен жүріп отырсын ұрпақтарың.
Қарындастар алтауымыз да бақыттымыз
Біздің өмірімізде ағалардың болғанына.
Ата-анаға сондықтан да алғыстымыз
Тату - тәтті бауырларды сыйлағанға.
Өтелді борыштарыңыз — басты мақсат
Аруақтардың алдындағы парыз-қарыз.
Жұмақтағы бір ағамыз жайлы жатса
Екінші ағама ұзақ өмір берсін Алла !!!
Баян.Н.С.
23.05.2021 ж.
Нұр - Сұлтан қаласы
Самый первый и самый старший , любимый внук моих родителей —Саттар Максутулы Нурмаганбетов (врач-стоматолог, имеет свой собственный стоматологический лечебный и протезированный кабинет) со своей семьёй.
Наш дед Нурмаганбет (ясновидец,знахарь,предсказатель,народный целитель) включен в список святых людей Баянаульского района, Павлодарской области.
фото 2021 года, июнь месяц.
Они — гордость рода Нурмаганбетовых.
фото 1972 года.