68 жасында білікті тау-кен инженері, жан-жақты ұйымдастырушы, Жезқазған кен-өнеркәсіптік аймағында аты аңызға айналған тұлға, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы, техника ғылымдарының докторы, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасы Министрлер кеңесі сыйлығының лауреаты, 30-дан астам өнертабыс пен патенттердің, 14 кен өндіру өнеркәсібі саласындағы ғылыми мақалалардың және «Біз – байытушылармыз» кітабының авторы РУСЛАН БОРИСОВИЧ ЮН дүниеден өтті.
Қарағанды мемлекеттік политехникалық институтын тәмамдаған соң еңбек жолын Шығыс Жезқазған кенішінде кенші болып бастады. Осы кеніште шебер, учаске бастығы, бас инженер, шахта бастығы болып, кейін Шығыс Жезқазған, Оңтүстік Жезқ