Шара барысыңда «Кітап білім бұлағы» атты кітап көрмесімен таныстырылып «Әке ана» әнімен ашылды.Кітапхана төріне қонақ ретіңде аяулы аналарды шақырып балаларыңа балалақ шақта оқыған кітаптарың айтып балалардың қызығушылығын оятуға, кітапты талдауға мұрындық болдық. Қонақ ретіңде келген аяулы ана Ақмарал Әзімбайқызы балалалық шағында көптеген кітаптарды оқығандығын айтып және Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» шығармасына тоқталып балаларға баяндап берді.Екінші анамыз Зауреш Алтынбекқызы М.Мағауиннің «Шахан шері»кітабын баяндады.Үшінші анамыз Мөлдір Қаржауқызы С.Мұрабековтың «Жусан иісі» шығармасын қызықтыра баяндап аяғын кітапханадан оқып алуды ұсынды.Төртінші анамыз Мадина Мұхитқызы биыл «бір ел бір кітап» акциясы аясында таңдалған Б.Соқпақбаевтың шығармаларының бірі «Менің атым қожа» повесін ұсынды.Бесінші анамыз Нағима Құрмашқызы Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесін айтып оқуға кеңес берді.Келесі кезек балаларға жетондар таратылып әр ананың қолыңдағы түстерге байланысты дауыс берілді. Дауысты ең көп жинаған Ақмарал Әзімбайқызы ұсынған Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» шығармасы болды. Кітапханамызда ұймдастырылған отбасылар оқу керек «Кітаптар қоржыны» тізіміне Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» шығармасы еңді.
Кешіміздің екінші бөлігі қазыргі заманымызға сай тренд ойындар алаңына ұласты. Алғашқы ойын «Көрмей тандау» деп аталды. Онда жәшік ішіндегі затты қол сұғу арқылы анықтап сол заттың қай шығармамен байланысы бар екенің анықтау болды. Ойынға 10 бала қатысты. Онда ойыншық түйе, ағаш, телпек, былғары қолғап, ас үй жабдықтары және балаларға көңіл - күй сыйлау мақсатында мысықта жасырылып қойылды .Берілген тапсырманы балалар мүлтіксіз орындады.Ойын барысында : Қызыл телпек, Күн астындағы Күнекей қыз, Жыл он екі ай, Б.Соқпақбаев «Жекпе -жек»,Ы.Алтынсарин «Бақша ағаштары», Бір уыс мақта, Мақта қыз бен мысық шығармалары насихатталды.Келесі «Суреттерді сәкестендір» ойынымен жалғасты.Ойынның шарты бойынша әр қатысушы отбасы мүшелерің бір біріне сәйкестендіруі тиіс.Сәйкесін дәл тап қан қатысушы нақыл сөз, мақал - мәтел айтуы тиіс.Ойынға 5 бала қатысып 3 бала дәл тауып өздерінің тапқырлығын көрсетті.Қонақтармен оқушыларға «Тәрбиенің ең тамаша ортасы-Отбасы»атты жаднамалар және «Әжемнің өнегесі, атамның өсиеті» атты кітапшалар таратылды.2 сағатқа созылған шарамыз «Алғыс айту» әнімен аяқталды.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев