Ғұламалардан ғибрат:
Қайбір адам қауіп-қатерден аман сосын дені сау боп таң атырса және сол күннің кешіне дейін жететін азық-түлігі болса, онда бүкіл дүниеге керектінің бәрі ол адамның қолында...
Достық қақысы:
Сәһл бин Ибраһим былай дейді:
Ибраһим бин Әдһәм екеуміз дос едік. Бір жолы қатты ауқастандым. Сонда Ибраһим бин Әдһәм қолында барын менің денсаулығым үшін жұмсады. Сосын тәуір бола бастадым. Бір кезде одан жегім келген бір тамақты сұрадым. Қолында ештеңе қалмағандықтан есегін сатып қалауымды орындапты. Сауыққан соң бір жерге бару үшін есек қажет болып:
"Ей, Ибраһим, есек қайда?" деп сұрадым.
Ибраһим бин Әдһәм:
"Сатып жібердік" деді.
Денсаулығым жаяу жүруге жарамағандықтан:
"Жарайды, бірақ, мен енді неге мінем?" - дедім.
Сонда арифтердің сұлтаны:
"Арқама мінесің бауырым!" - деп, мені үш күндік жерге арқалап барды.
Ғұламалардан ғибрат:
"Сені тәкаппар қылатын байлық - байлық емес, кедейлік!
Сені менмен қылатын білім - білім емес, надандық!
Сені өктемшіл қылатын үстемдік - үстемдік емес, қорлық!
Сені әділетсіз қылатын күштілік - күштілік емес, әлсіздік"!