Ученица 7-класса (ровесница моего среднего сына Алихана) тоже отдала свой долг Отчизне. Не было игр, не было детства. В войну под Москвой погиб ее отец Айтым, и уже под Берлином пропал без вести ее брат Сагадат. В ее памяти мой дедушка Есимжанов Шакембай остался как добрый, отзывчивый человек. Спасибо за ее воспоминания. когда я перепечатывала эту статью, все проносилось у меня перед глазами! Как он ночью ловил рыбу из Иртыша и наша бабушка Муслима раздавала всем аульчанам, ссыльным полякам, немцам. Перед глазами как мой дед собрав детей летом полол картошку, а зимой в лесу собирали хворост. Представляю как ему было тяжело получая похоронки на сельчан, не показывал вдовам, он надеялся что они все таки вернутся с войны. Мой дед не был на войне , у него в детстве с рукой случилось травма. Но и в тылу была война. Все для фронта, все для Победы. А бабушка Муслима была грамотной, знала арабский, читала намаз, знала наизусть эпосы, читала детям.Я их не увидела, но я уверенна что они достойно прожили свою жизнь. Мы их дети внуки, правнуки будем всегда помнить! С праздником Победы!
Еще раз рахмет Мактай апа! Жүз жасаңыз!
Ұлы Женістің 65 жылдығына
Әке-ағаларымыз майданға кеткенде,
Елде еңіреп, қалған балаға
Зарлап қалған анаға,
Зарлап қалған анаға, еңкейген кәріге
Еңбектеген балаға,
Қамқор – пана болған әз атамыз
Есімжан баласы Шәкембай атамыздың рухына арнаймын
Биыл 9 мамырда 65 жылдық Жеңіс тойын тойлағалы отырмыз. Бұл Жеңіс адамзат басына оңайлықпен келген жоқ. 1941-жылғы маусымда басталған соғыс 1945 жылғы мамырға дейін 5 жыл қысы – жазы созылған алапат майдан болды. 4-5 жыл ішінде азаматтар майданда ел қорғап қан төгістің ортасында жаумен аянбай алысып жүргенде елдегі еңбек еткен әйелдердің зарымен, жетімдердің көз жасымен, кәрілердің жауға атқан қарғысы, бала-шағаға солардың қамқор болып алған алғысы мен келген жеңіск үні еді. .Елдегі ер-азаматтар тегіс майданда аттанғанда олардың еңбектегі орнын жоқтатпауға әйелдер, майданға жарамсыз қарттар, ересек 11-15 жастағы арасындағы балалар жұмыста еңбекке араласты. Оларға да басшылық керек болды. Бұрыңғы үй шаруасындағы әйелдер, ойын балалары атқарып кету оңай емес еді. Күзге қарай немістер мен поляктарды біздің жерге жер аудара бастады. Олардың да баспана жетпегендері қазақ үйлерімен пана тапты. Жалғыз жарым сиыр сүтін, бар тамағын беріп бөлісті. Олар бізге кием-кешектің артығын ортаға салды. Содан бастап әр ұлт жоқшылықты да , қасіреті де бар басқа түскен ауырпалықты бірге көтеріп бір туыстай колхоз совзозға бірге араласып кетті. Балалары орша – қазақша мектептерге оқуға түсіп, қазақша тез үйреніп кетті. Ал Отан қорғауда азаматтар жаумен шайқасып қан кешіп, жанын қиып өмірмен қоштасып олардан елге «қара қағаз» (извещение осмерти) келе бастағанда әскерге жарамсыз болып елде қалған Есімжанұлы Шәкембай атамыз еді. Келген қара қағазды онсыз да қажып , қайғымен жүрген , әлі де алда жақсылық үміт күтіп жүргендердің үмітің үзбей жанына жара салмасын деп, мүмкін жансақ болар деген желеумен кейін естерте жатырмыз деп кейде жасыратын еді.
Сол атаыздың істеген қомқорлығы пана болып біздерді еңбекке баулығаны есімзден еш уақтытта кетпес, атамыздың бейнесі әлі көз алдымызда тұрғандай елестейді.
Ол кезде бала болсақта жүректе қалған өшпейстей сыз , өмірден татқан із көз алдымызда сайрап жатыр. Жаза берсек таусылмас бір тарихшы шежіре болар едік. Атамыз ол кезде қазіргідей трактор тележка жоқ, совхоздың қысты күні жегіс өгіздерін күтетін . Көрші Тәпіш шешеміз, түнгі күзетте менің анам совхоздың қоймасын күзетеді. Біздің жанұямыдын әкем Ашербеков Әйтім, Мүткенов мектебінде директор, ағам Сағадат 8-сыныпта оқитын. Үйде анам үй шарусындағы әйел. Мен 7-сыныпта, сіңілім Шолпан небәрі 3- ақ жаста еді. Әкемді 1942 жылдың ақпан айында әскерге әкетті, ағам Сағадат1943 жылы қаңтар айында өзі сұранып ол да кетті. Әкем Әйтім Москва түбінде қайтыс болды деген қара қағаз келді, ағам Сағадаттан Берлин түбінде жазған соңғы хаты келді. Одан да Берлин түбінде хабарсыз кетті деген қара қағаз келді. Бізбен көрші анаммен сырлас -мұндас әскер семьясы Мақымова Тәпіш деген әйел ұлы Құмар қыздары Шәкәр,Марал дегендер. Тәпіш пен ана жұмыста болғанда біздер бір үйде боламыз. Шәкембай атамздың бәйбішесі Мүслима шешеміз, ұлы Тәттімбай, қызы Еркін еді. Мүслима шешеміз діндар, ескіше (арабша) оқыған зерделі адам болған. Өзі намаз оқуын,
Құран оқуында да білетін. Әйелдер бас қосқан кеште көңіл көтеріп бұрыңғы қисса , эпос- жырларын «Мұңлық – Зарлық», «Сал-сал», «Қалқаман – Мамыр», «Алпамыс батыр» қисаларын көзін жұмып отырып жатқа айтып отыратын еді. Өздері мұндас аналарымыз естігенде жылап отырып тарқататын анда-санда сондай кештерде ....
Ал Шәкембай атамыз Мүткенов ауылы мен Естай ауылымен арасындағы тоғайдағы түнде көлден балық аулайтын. Үстіне талдан тоқыған қорапты , қол шанаға ұстаған балығын тәңертен Мүслима шешеміз біздің уйдегі отырған Тәпіш, тіпті Ганн Шпетердеген неміс үйіне, Сабадаш Панаетов деген орыстарға ақысыз тарататын.
Оның үстінде елде Сүзек, Безгек аурулары етек алды. Кәзіргідей больница жоқ. Жалғыз ХаритоноваО льга деген медбике болды сол безгекке хна деген сары ащы таблета беріп емдеді. Осы кезде қазақтар капуста , қызанақ тұздауды білмейді, сүзек болғанымызда орыстар соны кезек-кезек әкеліп беріп соның рассоліне шейін ішкізетін. Ол да басымыздан өтті
Күзге қарай шөп шабатын кезде Шәке атамыз балаларға арнап сабы қысқа кішкене шалғы, айыр, тырнауыш, күрек саптап дайындап шөпті қалай шабуды үйрететтін. Ол кезде қазіргідей техника жоқ. Барлық жұмыс қол күшімен атқарылады. Егін шыққан кезде егіннің арам шөбі тазартуға атамыз үлкен жақтаулы «Бричка» арбаға әр сыныптың балаларын отырғызып егінге апарып қайтады. Ал таңғы ала кеуімен кеш бақшаға қас қарғайғанда үйге келеміз. Онда бармаған күні сабақтан соң бақшаға су құюға, картоп, түптеп арам шөбін тазартуға апарады. Демалыс күні ғана үйге болысамыз. Анамыз күлкіден, біздер бүрынғыдай ойыннан қалдық.
Бас көтерер кеткеннен соң әр үйден
Қалды аналар жадыраған көңілден
Бала болып асыр салып ойнауға
Ұлық- сатсыз шыға алмаймыз біз үйден,
Әр күніне 150 грамм нан берет
Ашықпайсын соған дағы сабыр ет
Соғыс өрті жайылғанда біздерге
Балалалықты солай жазған құдірет
Ол кезде отқа жағатын қазрігдей көмір жоқ. Малдың түннен-күндізден қалған саламын отқа жғамыз. Шәкембай атамыз өгізін шанаға жегіп, біздер балалар өзіміздің сиырымзды жегіп тоғайға жас тал шауып әкелуге апарады. Біздер талдың түбіндегі түскен қарды аяқпен таптап , атамыз балтамен шауып отырады. Біздер қарға малтығып ағашты шанаға тасимыз. Атамыз шанаға тиеп, арқанмен буып, сиырдың бас жібін, қолымызға ұстататады да «ал жөңеліндер дейді».
Мен 7-сыныпта оқырсам да орыс тілін түсіне алмайтынмын, ал газет оқытқанда алдыма жан салмадым. Көрші Панаетов Иван деген ата болды. Өзі диірменші ұн тартатын. Степан, Михаи деген ұлдары майданда еді. Сол Иван атамыз өзі газет оқи алмайтын, келген газетті кешке алып келіп «Совет инборбюросын» яғни майдан хабарын естуге алып келеді. Ол кезде біздің әскерлер шегініп 1943-жылы «әр қаланы жауға уақытша тастап еттік» дегенді естігенде, газетті жұлып алып аяғын оқытпай, кемпірі Мария екеуі жылап кететеін. Кейін 1944 жылдың басында немістер шегініп біздің әскер сол таста кеткен қалаларын қайтара алып жатқанда, кезде естіген сайын екі жұдырығын түйіп, қос тізесін ұрмылап қуанып отыратын. Енді біздің Степа мен Мишада келеді деп үйлеріне мәз болып кететтін.
Ол кезде де ауыртапық елге түсті. Әр сиырға 6 кг таза май, 70 жұмыртқа 50 кг ет салық салды. Одан басқа жауынгердерге деп жылы шулық, жылы қолғап не кеудеше беріңдер деп салық салды. Аналарымыз түнде ай жарығымен жүн иіріп бізге тоқу тоқытып үйретті. Әлі есімде қалғаны 50 кг ет бере алмағасын ауыл совет бастығы әкемнің қорапты траншпенкеге арбасына зарлап жылағыны бар. Соны естіп Шәкембай атамыз ертеңіне келіп ұрсып «Неге соранды ағызып жылайсын, ертең Әйтім келгенде көзіне шұқып тұрып бетіне басасын, сонда ол жемітін жегір не деп бетіне қарар екен». - деген еді. Ол олма салық салаушылар алған ет, май, жұмыртақаға беретін үкіметтің ақшасын бермей пайдаланған. Ол кейін соғыс біткенде «Минзагтан» тексеру жүріп халық сонда ғана білді. Соғыс 5 жыл созылғанда есеңгіреген жетіп жесірді кейбір азаматтар солай аяусыз қанады. Атын атамай-ақ қойаын. Бала әке үшін жауап бермейді ғой, артына олардың да ұрпақтары бар. Қандай да ұлт болса да ауырпалықты бірге көріп, бір жан, бір тән болған адамдар аз емес. Алғыс алғандар да қарғыс алғандардың да артынан жалғасын халық көрді де білді. Оларға салауат.
Ал Шәкембай атамыз Мүслима шешеміз өмірден өті. Бірақ артында жалғасы бар. Үлкен баласы Тәттімбай, ол да марқүм болды. Әйелі Зайда келініміз қалада тұрады балаларымен өзі енесіне ұқсап діндар, 5 уақыт намаз оқып құран бағыштайды деп естідім. Еркін, Раушан атты қыздары жанұялы балалы-шағалы оларда Павлодарда тұрып жатыр. Елге елеулі қадірлі ұрпақтар. Әділше ініміз өмірден ерте өтті. Үміт деген аяулы келініміз балаларымен ол да қазір Павлодарда. Әлімбай атты баласы Ботагөз келіні, Анар, Ажар, Динара Әсия деген қыздары Жасұлан деген ұлы немере шөберелері бар. Сол кездегі Шәкембай тұрған кең шарда сол шаңырақты жалғастырып, орнында бар оңалар дегендей шаңырақ иесі атанып отыр. «Алғыс алған атамыз» деген қазақ мәтелі сол Шәкең атамыздың жалғасына шығар. Арты қайырлы, атамыз иманды болып, орны жұмақта болып деп еске аламын. Кейінгі толқын жастар жеңіс күнін тойлаумен бәрге, ата әжелерінің қандай қиыншылықты қайғы қасірет шегіп, бала әкеден, ана жардан айырылып жетім жесір атанып «Боздақтар» кітабын құшақтап қалғанын есте сақтасын.
Бабалардың ерлік жолын ұмытпандар, біліңдер!
Дарынды боп бақытты өмір сүріңдер!
Әр жыл сан Жеңіс күнін қүрметтеп
Тағзым етіп, бастарынды иіндер
Өтті аналар өмірі өксу менен
Жетімдердің бірі мен сол кездегі
80 нен астым міне, басымды ием мен.
Қараоба (Спартак) еңбек ардагері Айтымова Мақтай
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Комментарии 12