Қасымда айдай болып жүрсең өзің,
Нұрланып қуаныштан күлсе көзің
Бір сен деп ынтық жандай сөз моншағын
Көңлімнен тізем қанша, білсең өзің!
***
Көмілсем көлеңкеге нұрлы реңің,
Көз жазып арманымнан мың жүдедім.
Білмеймін, қалай төзем қиястыққа
Қара тас емес әсте бұл жүрегім!
***
Шытынсаң мені де кілт торлайды мұң.
Сен күлсең кірбің-сірбің қалмайды бір.
Кей-кейде ойға қалам айтсаңдаршы,
Көрінбес көңіл жібін жалғайды кім???